Сенбі, 23 Қараша 2024
2937 0 пікір 20 Наурыз, 2019 сағат 11:32

Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін тоқтатуына байланысты Кәсіподақтар федерациясының үндеуі

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Елбасымыздың Қазақстан Республикасы Президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімін зор өкінішпен қабылдады.

Соңғы үш онжылдықта біз Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  басшылығымен талай шарықтаулар мен құлдырауларды бастан кешірдік, қиын кезеңдерге «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірге төтеп бердік және елеулі де мерейлі жеңістеріміздің куәсі болдық. Мықты да тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына деген нық сенім мен ортақтастық сезімі сенімді серігіміз болды. Біз өз бағдарымыздан ешқашан бас тартпадық, себебі,  Ұлт Көшбасшысына, оның  даналығына сеніміміз мол болды.

Ауқымды өзгерістер мен оқиғаларға бастамашылық еткен бірқатар көшбасшылардың тарихта орны бар. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің ядролық қарудан өз еркімен бас тарта алатынын дүние жүзіне тұңғыш рет көрсетті.

Біздің тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті стратегия мен экономикалық бағдарламаларды негізге ала отырып, ең ауқымды империяның құрамынан шығып, табысты мемлекет құруға болатынын дәлелдеді.

Тұңғыш Елбасының көрегендігінің арқасында біз әлем бойынша Орталық Азия қауіпсіздігінің кепілі болдық.

Арқа төсінде іргесін қалаған елордамыз ыңғайлылық пен әлеуметтік қауіпсіздік жағынан дүниежүзі бойынша үздік қалалармен бәсекеге түсе алады.

Ол  тұңғыш рет мемлекеттің қалыптасуында әр азаматтың қосқан үлесін  бағалады және оның даналығына сенім білдірген дүниежүзінің миллиондаған қазақтары өздерінің туған Отанына қайтып оралды.

Біздің ортақ үйімізде адамдар ұлты немесе ұстанған діні бойынша қандай да бір араздыққа барған жоқ, біз болашаққа нық сеніммен қарай білдік.

Қазақстанның еңбек адамдары Елбасының қамқорлығы мен құрметін, өз сөзіне деген беріктігі мен өз халқына деген махаббатын әрқашан сезіне білді.

Тағылымды тарих Нұрсұлтан Назарбаевтың ел игілігіне сіңірген еңбегіне әлі де өз бағасын бере жатар, ал бүгін біз Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2 миллионнан астам мүшесінің атынан «Сізге мың алғыс, біздің Елбасы!», – дегіміз келеді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475