Астана немесе Нұрсұлтан?
Дұрыс жақтары :
1. АҚШ - тың астанасы тұңғыш президентінің атына қойылған. Үрдіс бар.
2. Нобель алуы үшін кезекті нақты қадам
3. Бұл қаланың бас жоспары Нұрсұлтан Әбішұлына тиесілі
Бұрыс жақтары :
1.Павлодар, Петропавл қалалары КСРО-дан қалған қоқыс аттар, ал Усть-Каменогорск, Уралск, Семипалатинск қазақиландырып алған түріміз (Семей,Өскемен, Орал). Ал, 98% қазақтар тұратын Қызылорда, аты айтып тұрғандай КСРО-ның қызылдарының ордасы деген атқа ие. Жоқ, дегенде Ақмешіт деген аты қайтарылуы тиіс еді...Мінекей аты аталған қалаларға "Нұрсұлтан" атын бергенде халықтың көбі қолдар еді.
2. Қала атын өзгерту үлкен шығын алып келеді. Ол қаржыны әлеуметтік жағдайды жақсартуға, баспанамен қамтуға, жұмыс орындарын ашуға, jastarjyly - 2019 аясында, жастардың идеялары мен стартаптарын сөз емес, іс жүзінде іске асыруға жағдай жасауға тиіс еді.
3. Еңбегіне сәйкес Нұрсұлтан Назарбаевтың атында партия, көше, оқу орындары(Университет, лицей, мектеп), ескерткіш, мешіт, орталықтары, банк, қорлар, мұражай жетерлік.
4. 1991 жылдан бері бірде-бір алып тұлға бұлай дәріптелген жоқ. Әйтпесе, Әл-Фараби, Абай, Әлихан, Дінмұхамед Қонаев сынды біртуарлар бір-бір қала атына лайықты. Демек, алып тұлғаны өз деңгейінде көрсетпеу, дәріптемеу саясатын байқаймыз.
5. Халық 21 жыл бойы білмеген саясат. Неге 1998 жылы белгілі бір тұлғаға Астанамыздың аты берілмеді деген сұрақ көпті мазаламаған. Демек, бұл - тәуелсіздік алғалы бері жоспарланған стратегия.
6. Біз демократиялық мемлекет болғандықтан, халықпен санасу міндетті еді. Халық Қасым Жомарт Тоқаевтың ұсынғанын, қабылданғанын, жарияланғанын көрді. Қабылданғаннан соң 10 секундтан соң, гео картаға "NUR SULTAN" шықты.
Ержігіт Күнтубаевтың facebook парақшасынан
Abai.kz