Сенбі, 11 Қазан 2025
Жаңалықтар 3848 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 06:01

Алматы облысында жазғы демалыспен шамамен 81,3 пайыз бала қамтылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 30 мамыр. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Биыл Алматы облысында жазғы демалыспен шамамен 222 мың оқушыны қамту жоспарланып отыр, бұл көрсеткіш  балалардың жалпы санының 81,3 пайызын құрайды.

Облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 94 млн. теңге бөлінді.

«73 млн. теңгені аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетім балаларды демалыспен қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жалпы облыс бойынша бұндай санаттағы балалар саны 22 мыңға жуық», - деп түсіндірді білім басқармасының бас маманы Майгүл Омарова.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 810
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9870