Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3658 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 06:44

Әлихан Бөкейхан - 145

Жезқазған қаласының орталығында Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына орай ілініп тұрған бұл билборд қала әкімі Берік Әбдіғалиұлының пәрменімен ілінген.

Әлихан Бөкейхан -  шын мәніндегі саяси тұлға. Жаңа замандағы қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы. Тәуелсіздіктің ұшар басында тұрған һәм азаттықпен егіз ұғым. Тұрлаусыз тұлғалар мен қуыршақтар қуанышына айналған бүгінгінің бәрі - өткінші. Олардың ақыры - «Өлдің Мамай, қор болдың!» Ал, Тәуелсіздік пен Әлихан  мәңгілік. Бірақ, Азаттық пен Алашорданы қаншалықты құрметтейтінімізді Жезқазған қаласында ілулі тұрған осынау республика бойынша жалғыз билбордтан аңғаруға болады. Мұны басқа жерден кездестіре алмаймыз. Құдды, қазақ тарихы, халықтың ұлы тұлғалары, солармен бірге тұтас халық қызыл кітапқа еніп кеткендей. Ілеуде бір өте сирек кездесетіндей. Әй, бірақ, қайран сөзді құлағы бар керең, көзі бар соқыр естіп, көреді дегенге үміт кем.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320