Жексенбі, 27 Сәуір 2025
4901 2 пікір 29 Наурыз, 2019 сағат 15:29

АҚШ Ресейді қамауға алынған Қырым татарларын босатуға шақырды

АҚШ мемлекеттік департаменті Мәскеу билігінің Ресейде тыйым салынған Хизб ут-Тахрир ұйымының қызметіне қатысты деген күдікпен аннексияланған Қырымның 23 тұрғынын қамауға алғанын сынады.

Вашингтон Ресейді қамауға алынған қырым татарлары мен "жазықсыз сотталған басқа да украиндықтарды" босатуға шақырды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті басшының орынбасары Роберт Палладино айтты.

Кеше, 28 наурызда, Ресейдің қол астындағы Симферопольдегі Киев аудандық соты Қырым татарларының 23 белсендісін 2003 жылы Ресейде тыйым салынған Хизб ут-Тахрир исламшыл партиясы қызметіне қатысы бар деген күдікпен 15 мамырға дейін қамауға алған.

27 наурызда Қырымда Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ), ішкі істер министрлігі мен Росгвардия қызметкерлері Ресейде және тағы бірқатар елде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымының қызметіне қатысқан деген күдікпен бірнеше тұрғынның үйін тінтіген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2306
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5224
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4505