Сенбі, 11 Қазан 2025
5626 9 пікір 29 Наурыз, 2019 сағат 15:59

Президент Тоқаев алғашқы ресми сапарын Ресейден бастайды

3 сәуірде Қазақстан президенті Ресейге ресми сапарлап барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаевтың сапары "бағдарламасының ең маңызды тұсы" Ресей президенті Владимир Путинмен өтетін келіссөз болмақ.

Сайттағы хабарламаға сәйкес, екі ел басшысы кездесуінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты серіктестік мәселелері, сондай-ақ аумақтық және халықаралық өзекті тақырыптар талқыланады.

Сапар кезінде бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 806
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9863