Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5650 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 15:33

Қостанайда 3-4 маусымда Қазақстан патриоттарының IV Форумы өтеді

3-4 маусымда Қостанайда ҚР Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты патриоттар форумы өтеді.

Форум жұмысына Қазақстанның барлық өңірінен делегациялар қатыспақ. Оның ішінде республиканың көрнекті қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, ҚР Парламенті Мәжілісі, Президент Әкімшілігінің өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, саяси партиялардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері.

Нақтырақ айтқанда, 3 маусымда Форум шеңберінде тарихи және ескерткіш орындарда, аумақтың рухани және тарихи мұраларымен танысу мақсатында Қостанай және облыстық музейлерде болу жоспарланған. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздігіне арналған фотокөрме өткізу жоспарланып отыр.

4 маусым күні Қостанай қаласы мен барлық облыс орталықтарында «Менің елтаңбам! Менің туым! Менің әнұраным!» атты патриоттық акция - шеруі өткізіледі.

Форум аясында қоғамдық ұйымдардың басшылары, танымал мәдениет және өнер, ғылым және спорт қайраткерлері, жастар ұйымдарының басшылары көпшілік алдында сөз сөйлейді.

Сонымен бірге аталмыш Форум шеңберінде әртүрлі бес номанация бойынша айтарлықтай азаматтық ерлік жасағандарға «Жыл патриоты» белгісін табыстау рәсімі өткізіледі.

Форум жұмысы Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концертпен аяқталады.

4 маусым күні барлық облыс орталықтарында ҚР мемлекеттік нышандары күніне орайластырылған мерекелік шаралар өткізіледі. Мерекелік Форумға барлығы 100 мыңнан астам адам қатысады.

Аталмыш шара Қостанай қаласы мен облыс орталықтарында Форумға қатысушылардың Мемлекеттік әнұранды орындауымен аяқталады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963