Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3883 0 пікір 1 Маусым, 2011 сағат 06:17

Ақырыс Сейітқазы. Жар басындағы жалғыз үйдің балалары бақытты балалықпен қауыша ма?

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні. 1925 жылы Женевада бала құқын қорғауға арналған конференцияда  1 маусымды балалар күні деп белгілеген болатын. Жыл сайын жер жүзі атап өтетін мереке балаларды соғыстан, табиғи апаттардан, түрлі саяси жағдайларда туындайтын толқулардан, кішкентайынан ауыр еңбекке араласуынан қорғауға бағытталған. Сол кезден бері үзіліссіз өтіп келе жатқан халықаралық балалар күні мейрамы бүлдіршіндер шаттанатын ерекше күн ретінде есте қалады. Бүгінде еліміздегі  18 жасқа дейінгі балалардың саны  5  миллион. Оның ішінде 147 мың бала мүгедек, 38 мыңға жуық балалар тұлдыр жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған. «Masa.kz»  сайтында жарияланған  «Жар басындағы жалғыз үй» мақаласында да балалардың қараусыз қалып, құқы тапталып жатқандығы жазылған еді. Жезөкше, маскүнем ананың назарынан тыс қалған Томирис, Таңсұлу, Темірлан, Фариза есімді бүлдіршіндер аталған мақаладан соң балалар құқын қорғау ұйымының, қалалық ішкі саясат бөлімінің қамқорлығына алынып, балаларды бейімдеу орталығына орналастырылған болатын. Ана жылуына зәру балғындарды бүгінгі қуанышты күнімен құттықтамақ ниетпен орталыққа хабарласқанымызда, олар аурухана мен беймідеу орталығында жоқ болып шықты. Дереу балалар құқын қорғау ұйымына телефон шалған соң, мынадай жауап алдық.

Гүлнәр Айтқұлова, Алматы қалалық бала құқын қорғау ұйымының қызметкері:

- «Masa.kz» сайтында жарияланған «Жар басындағы жалғыз үй» мақаласынан соң, қалалық әкімшілік бастаған мемлекеттік мекемелер жағдайды тез арада бақылауға алды. Нәтижесінде, маскүнем, жезөкше аналармен өте ауыр тірлік кешіп жатқан төрт бүлдіршін балалар бейімдеу орталығы мен балалар ауруханасына тапсырылған болатын. Кейін әкімшілік жанындағы Алатау ауданында осы іске байланысты сот отырысы өтіп, сәбилерді өз ата -анасына қайтарды. Ата-аналық құқықтан айыру әлі мүмкін емес, себебі, олар еш жерде тіркеуде жоқ. Тіркеуде жоқ адамдарға қарсы  іс бастауға болмайды. Бірақ, бұл балалар  мемлекет  қамқоры менназарынан  тыс қалады деген сөз емес. Қазір олар ата- анасымен бірге Қарасай ауданына көшіп кетті. Сол жақта тіркеуден өткен соң, отбасына қойылар талап пен бақылау күшейеді. Қандай да бір сорақылық кездескен бойда, балалар мемлекет қарамағына өтеді.

Айдың-күннің аманында "тірі жетім" атанып, тіршілік иесі тұрақтамайтын үйде бал шақтарын өткізуге мәжбүр болған балғындардың әрі қарайғы тағдыры "Masa.kz"  сайтының үнемі назарында болатынын ескертеміз. Өйткені, бар бала бақытты болуға тиісті.

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338