2013 жылдан бастап БЭК аумақтарында темір жол арқылы жүктерді тасымалдауға біріздендірілген тариф қолданылады
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.
Аталған келісімнің мақсаты - темір жол көлігі қызметтерін мемлекеттік реттеудің және Бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекеттері тұтынушылары қолжетімділігінің бірыңғай құқықтық негіздерін құру болып табылады. Бұл ретте Бірыңғай экономикалық кеңістіккке қатысушы мемлекеттердің инфрақұрылымы қызметтеріне қолжетімділік қағидаларын айқындайтын құжаттарды әзірлеу мен қабылдау көзделеді.
Аталған келісімге сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап РФ, Беларусь және Қазақстан аумақтарында жүктерді транзитті тасымалдауға арналып бірыңғай біріздендірілген тарифті қолдану қарастырылып отыр. Бұл Қазақстаннан жүк жіберушілердің көліктік шығындарын төмендетуге жағдай жасайтын болады.
Сондай-ақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекеттері темір жол көлігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында темір жол көлігі ұйымдарына уәкілетті органдар белгілеген баға шегінде жүктерді тасымалдау жөніндегі темір жол көлігінің қызметтеріне тарифтік саясатты өзгерту жөніндегі шешімдер қабылдау құқ беріледі.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.