Сенбі, 23 Қараша 2024
3559 6 пікір 5 Сәуір, 2019 сағат 10:49

НАТО Қара теңізде Грузия мен Украинаға қолдау көрсететінін мәлімдеді

НАТО-ға мүше елдер Қара теңізде Украина мен Грузияға қолдау көрсету үшін әскери кеме санын арттыратынын мәлімдеді. Бұл жөнінде Вашингтонда өткен Солтүстікатлантикалық кеңес қорытындысы бойынша НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг хабарлады.

Столтенберг бұл шешімдер Ресейдің агрессиясына қарсы жасалынып отырған шаралар екенін атап өтті. НАТО басшысы Мәскеуді 2018 жылдың қараша айында аннексияланған Қырым жағасында кепілдікке алынған теңізшілерді босатуды талап етті.

Осыған дейін НАТО жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Кей Бейли Хатчисон Қара теңіз жөнінде бірнеше келісімдер қабылданады деп мәлімдеген.

Былтыр 25 қарашада Қырымдағы ресейлік шекарашылар Украинаның 24 теңізшісін ұстаған. Олар теңізшілерге Ресей жерін заңсыз басып өтті деп айып тақты.

Киев мұны агрессия деп бағаласа, Ресей тарабы Украина әдейі арандатып отыр деп санайды. Ресейдің бұл әрекетін АҚШ пен батыс елдері айыптады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407