Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6038 13 пікір 8 Сәуір, 2019 сағат 10:21

Егер АЭС салар болсақ, ЭКСПО ны несіне өткіздік?  

Ресейді айтамын-ау, әлем тұтынатын iPhone шығара алмады. Сланец мұнайы мен газын өңдеу тағы қолынан келмеді. Бүгінін емес, келешегін ойлайтын өркениетті елдер жел, биотын, күн энергиясынан энергетикалық қуат өндіруге баяғыда құлшына кірісіп кетті. Ал Ресей болса, сол бұрыннан қалған мықты теxнологиялық базасын пайдаланып, атом энергетикасын дамыту арқылы (арнайы Федеративті бағдарлама қабылдап та қойған) ақша тапқысы келеді.

Күлкілісі, бұрынғы шекпенінен шыққан қорғаныс қуаты әлсіздеу елдерді экономикалық тұрғыда өздеріне тәуелді еткісі келеді. Бұл ойынның "жүрісін" баяғыда бала-бақшада өтіп кеткенбіз.

Иә, адамзаттың саны өскен сайын жаhанның энергетикаға сұранысы арта беретіні сөзсіз. Бірақ энергетикалық қуаттың плацдармы ретінде жалғыз атомдық энергияны көру - болашақ ұрпақтың тағдырына түкіру деген сөз.

Ұмытпасам, әлемде 300-дей атом электр стансалары бар. Олардың жартысынан көбі жарамсыз. Ал сол жарамсыз стансалардың залалы нешік? Ойландық па?! Салынған дүниені залалсыздандыру үшін қыруар ақша мен миллиондаған жылдар керек екенін неге ұмытамыз?!

Чернобыльге Батыс қыруар ақша төлеп әлек, жапондықтар 2011-ші жылғы зілзададан зардап шеккен АЭС-ты қалпына келтіру үшін бастапқы жұмысына 70 млрд доллар жұмсады!

Тағы айтарым, егер АЭС-ын салар болсақ, неменеге жетісіп, пәленбай млн доллар шығарып "Болашақтың энергиясы" атауымен ЭКСПО өткіздік? Құр мақтан үшін бе?

Мен жерімде АЭС салынуына қарсылық білдіремін!

Дина Елгезектің facebook парақшасынан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408