Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4043 5 пікір 8 Сәуір, 2019 сағат 10:52

"Ішкі өнімде қазақ ұлтының үлесі қанша пайыз?" деп бас қатыратын кез келді

Алтынбек Сәрсенбайұлы:
- Қазақтың ұлттық намысы болмаса, бұл жерде береке болмайды. Бұл жерде мемлекет болмайды. Ана Югославия сияқты быт-шыты шығады. Ондай быт-шыты шығу бірде-бір халыққа керек емес, Қазақстан тұрмақ.

Ал қазақтың бар байлығын қалтасына салып, зауыттарын иелеп алған Машкевич секілділердің көзін шұқып көрсете бастап едік, бізді дереу "ұлтшыл, мынау ұлттың бірлігін бұзып жатыр" деп айып таға бастады. Біз енді Машкевичтің "ұлтын" айтқамыз жоқ қой, оның зауыттарды қандай жолмен меншіктеніп алғанын айттық қой. Егер қазақтар солай алып алса, бізді де солай айтқан болар еді.

Екінші бір үлкен мәселе, мына "ұлттық экономика" деген бар. "Сонда ішкі өнімде қазақ ұлтының үлесі қанша пайыз?" деп санап көретін, бас қатыратын кез келді. Мен ойлаймын, 1-2 пайыздан көп емес. Ол саясат үшін емес, қызығу үшін. Сонда көретін едік.

Өздеріңіз білесіздер, мына Малайзия 1960 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін малай ұлтының ішкі өніміндегі үлес салмағы 1-ақ пайыз болған. Содан соң 1969 жылы не жағдайда қалды? Біз ондай жағдайға дейін жеткізбеуіміз керек. "Мемлекеттің күшімен ұлтқа бір нәрсе тартып алып бер" деп отырғанымыз жоқ. Ұлттың дамуына жағдай жасауымыз керек. Мүмкіншілік ашуымыз керек.

Жалпы экономикамен шұғылданғанда "мұнда ұлттық үлес салмағы қалай?" деп бір көз салып қоюға болады. Сонда ғана мүмкіншілік болады. Сіздерге ұлттық өнім жасауға мүмкіншілік туғызатын жер берілмей жатыр. Онда сіздер қалай ұлттық өнім өндіре аласыздар? Онда сіздердің қандай ұлттық үлес-салмақтарыңыз болады?

Біздің ұлт жәрдемақы мен зейнеткерлікпен бюджеттен бір нәрсе алып өмір сүретін масыл, мешеу ұлтқа айналып кетпеуі керек.

Мақсат Халықтың facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434