Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2830 0 пікір 3 Маусым, 2011 сағат 12:27

Алматыдағы №6 көлдегі су деңгейі 3,5 метрге төмендеді, су тасқыны қаупі жоқ

АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы маңындағы №6 көлдің ернеуінен асуы, яғни Алматы маңында су тасу қауіпі жоқ. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазселденқорғау» АҚ-ы бастығы Тоқтарбек Баймолдаев айтты.

Оның мәліметінше, геодезиялық түсірілім нәтижесінде 27 мамыр күні көлдегі су деңгейі  3579 метр болған. Яғни, су бұрынғы деңгейден 3,5 метрге төмендеген. Су көлемі 180,5 шаршы метр. Тереңдігі 13,3 метр.

Т.Баймолдаев №6 көлде үлкен көлемде су жиналатын басқа да жерасты қоймалары жоқтығын айтады. Мұз қабаттары  бұзылмаған, көл беткейлерінде ұңғымалар анықталған жоқ, жарқабақтардың бұзылуы да байқалмаған. Гирологтармен су деңгейін ары қарай бақылау жалғасуда. Бақылау -сауықтыру  жұмыстары 20 маусымнан 20 қыркүйек аралығында жүргізілетін болады.

Оның сөзіне қарағанда  1 мамырдағы жер сілкінісі көлге су келетін  М.Мәметов мұздығына әсер етпеген. «Біздің бақылауымызша жер дүмпуінің мұздыққа аса қатты әсері жоқ, бірақ аздаған сызаттар мен мұз бетінің бұзылуы байқалды»,- деді Т.Баймолдаев.

Ол сондай-ақ 17 мамырдағы дауылдан соң «Қазселденқорғау» АҚ-ы алдағы қыстың аяғына дейін таулы жердегі қардың көлемін анықтауды жоспарлап отырғандығын жеткізді. «Аймақтар бойынша қар көшкіні болатын жерлерді анықтап, картасын жасау қажет. Көшкіннен қорғау бойынша әлі жұмыс бастаған жоқпыз, алдағы  айларда қызу жұмыстар басталады»,- деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371