Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
4201 7 пікір 9 Сәуір, 2019 сағат 19:57

Тұрақты шешім қабылдайтын уақыт жетті

Белгілі ақын, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы ойымен бөлісті.

Оның айтуынша, президент сайлауы туралы үндеу  дер уақытында туған үндеу болды.

«Әлемде қазір тұрақсыздық белең алып тұр. Осындай алмағайып уақытта уақытша дүниелермен отыруға болмайды. Тұрақты шешімдер қабылдайтын күн жетті. 

Қазақ деген халық тілек тілегенде сауатсыз болса да батасына, тілегіне «ел аман, жұрт тыныш болсын» деген тілек тілеп өткен. Біз үшін одан үлкен тілек жоқ. Әлемде ақыл-ой аламаны басталды. Әр ұлт, әр мемлекет жанталасып қоғамда әлемдік үлкен айдында өз кемесінің, қайығының дұрыс бағытта жүруін тілейтін уақыт болды.

Маған бүгінгі үндеуде ең ұнағаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың адалдығына кепілдік беремін деп айтты. Әр отбасы - кішкентай Отан, үлкен Отанымызды дұрыс адам басқарғанын жұрттың аман болғанын қаламайтын ұлт жоқ. Алдағы сайлаулардан бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек. Тезірек Мемлекет басшысын сайлап алып, ары қарай бағдарламаларымызды жасау керек», - деді ақын Ғалым Жайлыбай.

Abai.kz

7 пікір