Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
3275 1 пікір 11 Сәуір, 2019 сағат 11:11

Трамп Мюллердің зерттеуін мемлекеттік төңкеріс деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп "Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына араласуы мүмкіндігі жөніндегі" зерттеуді "мемлекеттік төңкеріс" деп атап, осы арқылы өзін қызметінен кетіргісі келді деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Трамп Техастағы жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.

Ол арнайы прокурор Роберт Мюллердің зерттеу есебін оқымағанын айтып, "Мені Мюллердің есебі алаңдатпайды. Мен толықтай ақталдым", – деп мәлімдеді Трамп.

Роберт Мюллер екі жылға созылған зерттеуі кезінде Ресейдің екі жолмен – хакерлік шабуыл және әлеуметтік желілерге жалған ақпарат тарату арқылы араласты деген қорытындыға келген. Сонымен бірге Мюллер Трамптың тікелей Ресей шенеуніктерімен байланысы бары жөнінде дәлел таппаған. Ол бұл мәселені елдің бас прокуратурасына тергеуді қалдырған. Бас прокурор Уильям Барр болса, Трампты жауапкершілікке тартпау жөнінде шешім шығарды.

Abai.kz

1 пікір