Ким Чен Ынның сөздерінше, Солтүстік Корея халқын ұлттық экономикасы, тәуелсіз технологиясы мен ресурстары арқылы қамтамасын ете алады.
Солтүстік Корея лидері бұл мәлімдемесін Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың 11 сәуірде Вашингтондағы кездесуі алдында жариялаған.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенатта Вашингтон Пхеньянға қатысты шектеулерді төмендетуі керек деген ұсынысын білдірген. Бірақ ол Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпайынша, санкцияның басым бөлігі күшінде қала береді деген.
Былтыр маусым айында АҚШ президенті мен Солтүстік Корея лидері тарихта бірінші рет кездесіп, "Корей түбегін ядролық қарусыздандыруға ұмтылу жөнінде" келісімге келген.
Ақпан айының соңында Ханойда болған кездесуде Дональд Трамп пен Ким Чен Ын ортақ келісімге келе алмады.
Солтүстік Кореяның ядролық арсеналы 10-60 ядролық бомбадан тұруы мүмкін. Бұл ел лидері енді сутегі бомбасын сынақтан өткіземіз деп мәлімдеген.
Abai.kz