Сенбі, 23 Қараша 2024
3689 4 пікір 15 Сәуір, 2019 сағат 10:27

Минск Ресей мұнайы транзитін тоқтатуы мүмкін

Беларусь "Достық" құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Ресей мұнайының тасымалын шектейді немесе тоқтатады. Бұл туралы президент Александр Лукашенкомен кеңесіп шыққан вице-премьер Игорь Петришенко мәлімдеді деп хабарлады БелТА.

Беларусь министрінің айтуынша, мамандар мұнай құбырын жөндеуге жабуға кеңес берген, өйткені құбырдың салынғанына жарты ғасыр болған. Жөндеу жұмыстары қаншаға созылатынын мамандар айтпай отыр.

Бұның алдында Беларусь президенті Александр Лукашенко бірқатар тауарларды Ресей нарығына кіргізбей қойған Мәскеу әрекетін санкция деп атаған еді.

Ресейдің "Транснефть" компаниясы "Достық" құбырының жағдайы жақсы деп мәлімдеген.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511