Нұр Отан» партиясы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды қолдайды
Республикалық «Нұр Отан» партиясы мемлекетімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды қолдамақ. Бұл жайында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Астанадағы «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасындағы жиында мәлімдеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Емин Әскеровтің бастамасымен осыдан төрт жыл бұрын құрылған «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытып, олардың лайықты жұмыс табуына жәрдемдесіп келеді. Осы шеберхана мүгедек азаматтардың жұмысқа орналастыру үшін барлық қажетті жағдай жасауда.Астанадағы аталған «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасын арнайы ат басын бұрған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев шеберхана жұмысымен танысып шықты.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға жүйелі қолдау жасап, мүгедек жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыруды бізге мінндеттеді. Осы үдеден шығу үшін "Нұр Отан" партиясы белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Оның мысалы - «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы. Осы жоба аясында алда бірнеше кешенді жұмыстар атқарылмақ. Атап айтсақ, инклюзивті білім беру ісін қолға алдық. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саяси-әлеуметтік өмірге белсене араласуын қамтамасыз ету жолында да бірқатар жұмыстар жасалуда. Олар үшін қазіргі қоғам ішінен кедергісіз орта қалыптастырып, оларды жұмыспен қамтуға басымдық бере алсақ, біз Елбасы алға қойған мақсаттың үдесінен шыға аламыз, – деді Мәулен Әшімбаев
Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін басқа да жобаларды қолға алып жатқанын мәлімдеді. Партия осы игі істе «GreenTAL» секілді компаниялардың тәжірибелеріне сүйенетінін, бұл аса маңызды жұмысты мемлекетіміздің өзге аймақтарында қолға алу керектігіне тоқталды.
Abai.kz