Сенбі, 23 Қараша 2024
3268 2 пікір 17 Сәуір, 2019 сағат 12:19

Шымкентте «Nur Otan» партиясы филиалының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы өтті

Бүгін Шымкентте «Nur Otan» партиясы филиалының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы өтті. Алқалы жиынға  қала басшылары мен  мәслихат хатшысы, саяси кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары мен ауданнан сайланған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. 

Конференцияда қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова  сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында  атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Оның айтуынша, аталған жоба аясында шаһарда 6 513 пәтерлі 132 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

«Оның ішінде бюджет қаржысы есебінен 3130 пәтерлі 51 тұрғын үй бар. Биылғы жылы 898 пәтерлі 16 арендалық және 656 пәтерлі 11 кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беруге жоспарлануда (қалған 3 383 пәтерлі  81 үйдің, 1919 пәтері 49 үй жеке салушылар есебінен, ӘКК арқылы 1016 пәтерлі 24 үй, МЖӘ арқылы 448 пәтерлі 8 үй). Бүгінгі күнге 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы дайын, мамыр айында беріледі. Оның ішінде 177-і пәтері көпбалалы аналарға беріледі. Нәтижесінде биылғы жылы 1368 әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы және жас отбасылар (342 пәтер)  баспаналы болады»,- деді Гүлжан Құрманбекова.

Қала әкімінің орынбасары сондай-ақ партиялықтарға «Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның 18 съезінде берген тапсырмалары- «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» жобаларды жүзеге асыру барысы туралы есеп берді.

«Бақытты отбасы» жобасы аясында қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің өзгеруіне байланысты, қаламызда көмек алушылар саны 10 мыңнан  20 мың отбасынан асады деп күтілуде. 1-ші сәуірден бастап бүгінгі күнге 32 559 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 17 582 отбасының өтініші тіркелді. Сондай-ақ, қала тұрғындарының әлеуметтік картасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге «е-Халық» ақпараттық жүйесіне 21 081 отбасы (75 725 адам) енді. Халықты әуре-сарсаңға салмай ыңғайлы қызмет көрсету үшін  аудан әкімдіктерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында барлығы 9 жерде жұмыспен қамту орталығының бөлімшелері ашылды. Ол жерлерде халықты қабылдауға тиісті жағдайлар жасалды, атап айтқанда: көп балалы аналарға психологиялық және құқықтық, тұрғын үй және әлеуметтік төлемдер бойынша қызмет көрсетіледі», - деді Гүлжан Құрманбекова.

Конференцияда бұдан өзге  зейнеткер, партия ардагері Валерий Гордиенко мен Шымкент қаласы № 49 жалпы орта мектебінің директоры, көпбалалы ана Сәуле Өтебаева, Шымкент қалалық №17 футболдан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ермек Дәрменовтар да сөз сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды. Партиялық жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстарын айтып өтті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458