Франция президенті Эммануэль Макрон апат орнына барып, өрт әрбір француздардың "жанының жартысын" өзімен бірге алып кетті деді:
Макрон шіркеуді қайта қалпына келтіру жұмыстары тезарада жүретінін айтты.
Ватикан да Париждегі өртке қатысты Твиттер арқылы үн қатты:
"Қасиетті тақ Франция мен бүкіл әлем христиандарының символына айналған Нотр-Дам шіркеуін ораған өртті қатты қайғырумен ұқты", – деп жазады Ватикан баспасөз хатшысы Алессандро Джизотти.
АҚШ президенті де Париждегі өртке байланысты көңіл айтты:
"Ұшатын цистерналарды өртті сөндіруге қолдану керек. Тез арада әрекет ету керек!" – деп жазады Дональд Трамп.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама да Твиттер арқылы былай деді:
"Notre Dame әлемдегі ең ұлы мәдени мұра. Дәл қазір қайғыны бастан кешіріп отырған Франция халқы туралы ойлаймыз. Жоғалтуды жоқтау, оны қалпына келтіру біздің талабымыз".
Abai.kz