Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2523 0 пікір 7 Маусым, 2011 сағат 10:42

Қызылорда облысы прокуратурасында жол қозғалысындағы келеңсіздіктер қаралды

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 маусым. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық прокуратурасында құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесі өтіп,ол мемлекеттік уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар 2010 жылы және 2011 жылдың І тоқсанында жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы заңнамалардың қолданылуына орай жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесін қарады.

Тексеру барысында жол қозғалысының қауіпсіздігі сапасына әсер ететін объективті себептермен қоса, уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің өз қызметтеріндегі  әрекетсіздік деректері  анықталды. ОІІД-нің жол полиция басқармасы статистикалық мәліметтеріне қарағанда, облыстағы  жолдарда жол апаттары 2009 жылы 226 құраса, олардың себебінен қаза тапқандар саны  78-ге, жарақат алғандар саны 217-ге жеткен. Ал 2011 жылдың 3 айында 30 (2010 жылы - 221) жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 9 (2010 жылы - 71 адам) адам қаза тауып, 25 (2010 жылы - 210 адам) адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Республикалық маңыздағы «Самара - Шымкент» автомобиль жолдарында 2011 жылдың 3 айында 4 (2010 жылы - 57) ЖКО орын алса, олардың салдарынан 3 (34) адам көз жұмып, 2 (53) азамат жарақаттанған.

Прокурорлық тексеру республикалық маңыздағы Самара - Шымкент автомобиль жолының Жалағаш ауданындағы 40 шақырым құрайтын учаскесінде жол белгілері мен жолақты кесу сызықтарының стандарттарға сәйкес келмейтіндігі немесе мүлдем жоқтығы түріндегі 105 деректі анықтады. Ал Жаңақорған ауданының 3 елді мекенін кесіп өтетін «Шымкент-Самара» автомобиль жолын тексеруде жаяу жүргіншілерге арналған ақ жолақты кесу сызықтарының мүлдем жоқ екендігі анықталды. Сол сияқты осы тас жолдың Шиелі ауданынан өтетін 65 шақырымында жол бойындағы бұрылыстарда жолды екіге бөлетін басып, озуға тыйым салатын сызықтары мүлдем сызылмаған. Сонымен қатар, Қызылорда-Жалағаш тас жолының Сырдария ауданы аумағындағы 7 жол белгілері мемлекеттік стандартқа сай келмейді. Бұл заң бұзушылықтардың бәрі осы жолдың бойында ЖКО-на әкеп соқтыру қаупін тудыруда. Сондай-ақ, 2010 жылы осы жолдың Қызылорда қаласының учаскесінде орналасқан Сырдария өзенін және «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1771 шақырымындағы каналды кесіп өтетін көпірлердің жартылай бөлігінің бұзылу дерегі орын алып, дер кезінде қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде жол көлік апаты мен адам шығынына жол берілмеді.

Аталған заң бұзушылықтар облыс көлемінен өтетін республикалық маңыздағы жолдардың күтіп ұсталуына жауапты - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің заңмен белгіленген функционалдық міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай отырғандығын көрсетеді.

Ал «Қазақавтожол» РМК-нің Қызылорда филиалы осы департаментпен жолдарды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын атқару үшін жасалған келісімшарт міндеттерін орындамаса, осы келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету Департаменттің назарынан тыс қалған.

Күнделікті қадағалау жасайтын жол полициясы инспекторларының хабарламасымен шара көрмеу - жолдың жағдайын және жол қозғалысын реттейтін құрылғылардың жарамсыздығын анықтау бағытындағы жұмыстарды жоққа шығарады. Сонымен қатар, басқарманың жол-техникалық инспекциясы бөлімшесімен автомобиль жолдарының сапасына 2010 жылы бірде-бір жоспарлы тексеру жүргізілмесе, 2011-жылдың 4 айында 15 тексеру жүргізілгенімен, тек 2 заң бұзушылық бойынша хаттамма толтырумен шектелінген.

Жоғарыдағылардың негізінде, облыстық прокуратура құқық қорғау және мемлекеттік органдардың жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерінің тиімділігін арттыру бағытында іс-шаралар белгіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435