Хабарда қарудың басқа ерекшеліктері туралы айтылмады, бірақ батыс сарапшылары оның теңіз, әуе және құрлықта қолданылатын тактикалық қару болуы мүмкін деп болжайды. Пентагон мәліметі бойынша, бақылау жүйелері Солтүстік Кореядан зымыран ұшырылғанын тіркемеген.
Мамандар бұл қадамды Пхеньянға қатысты позициясын өзерту қажеттігі туралы Вашингтонға берілген белгі деп түсінеді. Өткен жылы желтоқсан айында Ханойда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ким Чен Ын саммитті сәтсіз аяқталды. Тараптар бірлескен мәлімдеме қабылдамады.
Вашингтон келіссөздерді қайта жалғастыруға талпынса, Солтүстік Корея жаңа қару сынауын жалғастырып отыр.
Abai.kz