Сенбі, 23 Қараша 2024
Масқара! 9571 28 пікір 22 Сәуір, 2019 сағат 11:58

43 медальі бар Божколар "қандай соғысқа" қатысып жүр?

Мәжіліс – Қазақстан парламентінің негізгі заң шығарушгы органы. Онда үш саяси партиядан және Қазақстан халқы ассамблеясынан тағайындалған 107 депутат бар.

Біз бұған дейін Мәжіліс депутаттарын жас категориясына қарай жіктеп жазған едік. Жасы жетпіске таяған Серік Үмбетов, Гүлжан Қарақұсова, Бақытжан Ертаев, Владимир Божко, Сауытбек Әбдірахмановтар, жетпістен асқан Қуаныш Сұлтанов, Бақтықожа Ізмұхамбетовтер туралы да, тіпті сексеннің екеуіне келген кәрі сүйек коммунист Владислав Косарев жайлы да жаздық.

Айтпақшы, Мәжілістегі мырзалар мен маржалардың арасында кеудесіне орден-медаль тақпағаны жоқ екен. Тіпті, қарап отырсаңыз кезінде Төтенше жағдайлар министрі болып, түк бітірмеген Божко дейтін депутаттың ордендерінен бөлек 43 медалі бар екен. Шеттерінен қаһарман, шеттерінен қайраткерлер.

Мейлі-ау, Бақытжан Ертаев, Бақытбек Смағұлдардың кеудесіндегі марапаттарды ақтап алуға болады. Олар ауған көрген, майданға кірген адамдар, ардагерлер. Ал Божколар, Платоновтар ше? Олар қай қаһармандығы үшін орден тақты?

Енді мына қызыққа қараңыз, Мәжілістегі 107 депутаттың (еркегі бар, әйелі бар) ішінде медальі жоқ, марапаты жоқ бірде-бір адам жоқ. Біз ондай адамды іздеп таппадық. Сенбесеңіз қараңыз, міне:

«Құрмет» ордені – 54 депутатқа беріліпті. Сенесіз бе, 54 депутатқа... «Парасат» орденін бақандай 18 депутат кеуделеріне тағып жүр. Тағы 24 депутат «Ерен  еңбегі үшін» деген медальмен марапатталған. «Барыс» ордені – 9,  «Достық» ордені – 7, «Даңқ» ордені – 3, «Айбын» ордені – 3, «Отан» ордені – 2 депутатта бар.

Ол аз десеңіз «Еңбек сіңірген қайраткер» атағы – 2 депутатқа, «Еңбек сіңірген әртіс» атағы – 1 депутатқа, «Еңбек Ері» атағы – 1 депутатқа, «Халық Қаһарманы» деген атақ – 1 депутатқа берілген екен.

Сөзіміз сұйық шықпас үшін, әрқайсысының есім-сойларын екшелеп көрсеткенді жөн көрдік.

«Құрмет» ордені:

Нұрлан Әбдіров

Сапар Ахметов

Асқар Базарбаев

Ерлан Барлыбаев

Әбдіманап Бектұрғанов

Ерсұлтан Бектұрғанов

Амангелді Дәуренбаев

Қабиболла Жақыпов

Жексенбай Дүйсебаев

Абзал Ералиев

Құдайберген Ержан

Мұхтар Ерман

Аманжан Жамалов

Байділдә Жылқышиев

Сергей Звольский

Бақтықожа Ізмұхамбетов

Павел Казанцев

Владислав Косарев

Серік Құсайынов

Бейбіт Мамраев

Ахмед Мұрадов

Дархан Мыңбай

Нұрлан Нығматулин

Шаймардан Нұрымов

Омархан Өксікбаев

Берік Оспанов

Артур Платонов

Мейрам Пшембаев

Нұртай Сабильянов

Серік Сейдуманов

Бақытбек Смағұл

Мұрат Теміржанов

Сәкен Өтебаев

Шавкат Өтемісов

Шакир Хахазов

Михаил Чирков

Глеб Щегельских

Майра Айсина

Зәуреш Аманжолова

Ирина Аронова

Зағипа Балиева

Светлана Бычкова

Дания Еспаева

Анар Жайлғанова

Гүлнар Иксанова

Гүлмира Исимбаева

Балайым Кесебаева

Екатерина Никитинская

Айгүл Нуркина

Жамила Нұрманбетова

Ирина Смирнова

Бақытгүл Хаменова

Ольга Шишигина

Татьяна Яковлева

 

«Парасат» ордені:

Нұрлан Әбдіров

Сауытбек Әбдірахманов

Әбдіманап Бектұрғанов

Ерсұлтан Бектұрғанов

Қабиболла Жақыпов

Жанат Жарасов

Владислав Косарев

Дархан Мыңбай

Омархан Өксікбаев

Мейрам Пшембаев

Альберт Рау

Қуаныш Сұлтанов

Бекболат Тілеухан

Серік Үмбетов

Зағипа Балиева

Гүлнар Иксанова

Гүлмира Исимбаева

Гүлжан Қарақұсова

 

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

Жамбыл Ахметбеков

Ерсұлтан Бектұрғанов

Марат Бопазов

Жексенбай Дүйсебаев

Берік Дүйсенбинов

Мұхтар Ерман

Қожахан Жабағиев

Павел Казанцев

Магеррам Магеррамов

Бақтияр Мәкен

Қанат Мусин

Василий Олейник

Серік Сейдуманов

Асылбек Смағұлов

Михаил Чирков

Майра Айсина

Галина Баймаханова

Гүлнара Бижанова

Светлана Бычкова

Гүлмира Исимбаева

Құралай Қаракен

Балайым Кесебаева

Айгүл Нуркина

Ирина Унжакова

 

«Даңқ» ордені:

Жанат Жарасов

Бақытжан Ертаев

Абай Тасболатов

 

«Барыс» ордені:

Владимир Божко

Бақтықожа Ізмұхамбетов

Нұрлан Нығматулин

Азат Перуашев

Альберт Рау

Қуаныш Сұлтанов

Серік Үмбетов

Гүлжан Қарақұсова

Ольга Шишигина

 

«Айбын» ордені:

Владимир Божко

Васили Олейник

Бақытбек Смағұл

 

«Достық» ордені:

Нұрлан Дулатбеков

Роман Ким

Альберт Рау

Юрий Тимощенко

Шакир Хахазов

Гүлжан Қарақұсова

Ольга Шишигина

 

«Отан» ордені:

Абзал Ералиев

Бақытжан Ертаев

 

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы:

Абзал Ералиев

«Қазақстанның Халық Қаһарманы» атағы:

Бақытжан Ертаев

«Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағы:

Қуаныш Сұлтанов

Жамила Нұрманбетова

«Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі» атағы:

Бекболат Тілеухан

Түйін

Қош! Біздің қырмасақалы аз, ақсақалы көп Парламенттің қарттар үйіне айналып бара жатқанын бұған дейін де жазған едік. Енді қарасақ, Парламентіміз (Сенатты кейінірек жазамыз) майдан көрмесе де, кеудесін орден-медальға толтырған ардагерлердің ұйымына айналып үлгеріпті. Сол өтірік сөлкебайларды Солтүстік Кореядағыдай омырауға қадап шығар болса, "соңғы отыз жыл бойы елімізде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болды" деп жүргеніміз өтірік болып шықпай ма?

"Құрмет" орденін тақты екен деп, халық ешкімді құрметтемейді.  Сондықтан да, "43 медальі бар Божколар "қандай соғысқа" қатысып жүр?" дейтін заңды сұрақты қоятын кез жетті...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404