Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
5278 0 пікір 22 Сәуір, 2019 сағат 09:58

Алматыда ақын Нұргүл Маулинаның шығармашылық кеші өтеді

Сәуір айының 25 жұлдызында Қазақстан Жазушылар одағында белгілі ақын Нұргүл Маулинаның "Ай сырғалы ақ шағыл" атты шығармашылық кеші өтеді.

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілген «Ұлы дала» шығармашылық байқауының жүлдегері, екі кітаптың авторы Нұргүл Маулина Алматы төрінде алғаш рет шығармашылық кешін бергелі отыр.

Әдеби кешке Алматы қаласының зиялы қауымы мен өлең сүйер оқырман қатысады. Кеш жүргізушісі : ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын - Бағдат Мүбарак.

Басталуы: сағат 15.00

Мекен-жай: Алматы, Абылай Хан көшесі 105,

Қазақстан Жазушылар Одағы.

Abai.kz

0 пікір