Қазақстанның аймақта интеллектуальдық және инновациялық кластер болуына мүмкіндігі мол - Елбасы
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанның аймақта интеллектуальдық және инновациялық кластер болуына мүмкіндігі мол. Бүгін Астанада жалғасып жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
«Дүниежүзілік банктің бизнеске жағдай туғызу жөніндегі рейтингінде Қазақстан реформа жасаудан көшбасшы болып табылды. Қазақстанның аймақта интеллектуальдық және инновациялық кластер болуына мүмкіндігі мол»,-деді Мемлекет басшысы.
Елбасы өз сөзінде еліміз бұрынғы Кеңес елдері ішінде алғашқы болып Ислам банкі жүйесін енгізуге қажетті заңнамаларды қабылдағанын, осылайша Қазақстанда тұңғыш Ислам банкі ашылғанын жеткізді.
«Қазақстан қауіпсіздік, экономикалық және мәдени ықпалдастық мәселелері бойынша әлемдік қауымдастықтың күш біріктіруіне де белсенді түрде атсалысып келеді. Еліміздің ТМД елдері арасынан тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі - соның жарқын мысалы»,-деді Елбасы.