Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2038 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 06:23

Сот экологиялық қозғалыстың жетекшісі М. Елеусізовты «Мегаполис» газетіне жоққа шығару жариялауды міндеттеді

Алматы. 17 маусым. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Алматының маманданған ауданаралық соты Мәдениет және демалыс орталық саябағының иесі «Алтын Тараз» сауда-қаржы компаниясы» ЖШС-тің «Табиғат» экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізовқа қарсы арызын жартылай қанағаттандырып, жауапкерді «Мегаполис» газетінде «Горький парк» атты мақалада жазылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні туралы осы газетке жоққа шығару жариялауға міндеттеді. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне М. Елеусізовтың өзі хабарлады.

Экоодақтың басшысы соттың шешімімен келіспей отыр, ол жақын уақытта қалалық сотқа қарсы арыз жазбақ.

«Біз соңына дейін барамыз, бақты қаланың коммуналдық меншігіне қайтарамыз. Бақ алыпсатарлардікі емес, барлық қалалықтардікі болуы тиіс», - деп атап көрсетті М. Елеусізов.

М. Елеусізов түсіндіргендей, бірегей болып табылатын Мәдениет және демалыс орталық саябағын «Алтын Тараз» сауда-қаржы компаниясы» ЖШС 2004 жылы Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың келісім беруімен сатып алған.

«Осылайша, бақ "Алтын Тараз" СҚК ЖШС-нің меншігіне өтіп, 2007 жылы оған жойылу қаупі төнді», - деп мәлім етті ол.

2008 жылдың 19 мамырында “Мегаполис” газетінде «Горький парк» атты мақала жарық көрді. “Алтын Тараз” ЖШС басшылығы мақала «шындыққа сәйкес келмейді және компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді» деп есептейді. Бақ иелері газеттен мақаладағы ақпаратты жоққа шығаруды талап етті. Алайда оның орнына бір айдан кейін “Мегаполис” газетінде екінші мақала жарық көрді, онда “Табиғат” экоодағының жаңа акциясы туралы баяндалды. Осыдан кейін “Алтын Тараз” компаниясы газетке және мақалалардың авторына қарсы сотқа арыз жазып, ондағы ақпаратты жоққа шығаруды және бір миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуді талап етті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5623