Сәрсенбі, 13 Мамыр 2026
4185 1 пікір 24 Сәуір, 2019 сағат 10:40

Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңызды екенін айтты. Кездесу барысында шалғай аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне баса мән берілді.

Президент Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2682
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1805