Гүлшара Әбдіқалықова Алматы облысына жұмыс сапарымен келді
ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік делегацияның Алматы облысына қызметтік сапарда болды. Үкіметтік делегация құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің төрағасы Мархабат Жайымбетов және басқалары болды. Бұл туралы Абай-ақпарат хабарлайды.
Алматы облысына келген үкіметтік делегация Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында келіп отыр.
Сапар барысында Талдықорғандағы электр техникалық құралдар шығаратын «Инфраэнерго» ЖШС жұмысымен танысты. Өткен жылы «Инфраэнерго» ЖШС жалпы сомасы 2 млрд. теңгенің, ал осы жылдың 1-тоқсанында сомасы 436,4 млн. теңгенің өнімін шығарған. Бұл туралы ресми делегация кәсіпорынды аралауы барысында айтылды.
Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, облыста 1300 кәсіпорын болса, соның 100-і орта және ірі нысандар санатында екен. Онда 79,8 мың адам жұмыс істейді. Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде төмен жалақы алатын 100 мың адамның жалақысы өсірілген. 2018 жылы "Еңбек шартын жасаңыздар" республикалық акциясы аясында 904 жұмыс беруші өз қызметкерлерімен еңбек қатынастарын заңдастырып, олармен 2171 еңбек шартын жасасқан. Өңірде өткен жылы 25 520 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, іс жүзінде 31 295 жұмыс орны құрылып отыр. Биылғы жылы тағы 25 660 жұмыс орнын ашау жоспарда бар көрінеді.
Г. Әбдіқалықова облыстағы сапары барысында өңір басшыларынан экономиканың нақты секторын, бизнес-қоғамдастықты мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда белсенді жұмыс істеуді сұрады.
Abai.kz