Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2591 0 пікір 12 Маусым, 2011 сағат 10:06

ІІМ Алматы академиясында биыл 230 жоғары білімді жас маман әзірленді

АЛМАТЫ. 11 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясында 4-курсты бітірушілердің салтанат рәсімі өтіп жатыр. Түлектер Академия туымен қоштасып, алаңмен соңғы  рет сап түзеп жүріп өтті.

Оқу орнының   Мемлекеттік-құқықтық  пәндер кафедрасынын оқытушысы, заң магистрi, полиция аға лейтенанты Сәбит Жеңісұлының айтуынша, биыл бұл  жоғары оқу орнын  барлығы 230 түлек бітіріп шыққалы отыр.  Оның 16-сы үздік оқығаны үшін Қызыл диплом алмақ.   Салтанатты шараға  бітіруші түлектердің ата -аналары мен  туған-туыстары қатысты.

«Бітірушілеріміздің    90-ны тергеуші, 70-сі криминалист, ал 70-сі әкімшілік полициясы саласы бойынша мамандық алып отыр.  Оқу орнына   жолдамамен келгендер өз  облыстарында қызмет етсе,  қалғаны құқық қорғау органдарының сұранысы бойынша жұмыс жасағалы отыр», - дейді С. Жеңісұлы. Онда академия бастығы, полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының докторы  Талғат Құлыбаев, түлектерге сәт сапар тіледі. Негізі  1956 жылы  қаланған бұл жоғары оқу орны қазіргі атауын 1999 жылы иеленген болатын. Онда курсанттар 4 жыл оқып, полиция қызметіне қатысты түрлі мамандықтарды игеріп, лейтенант шенін алып шығады.  Казармалық жүйеде темірдей тәртіппен тәрбиеленген бұл мамандар   өнерден де құр алақан емес.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522