Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2146 0 пікір 12 Маусым, 2011 сағат 10:11

Павлодарда пилоттық режимде мобильді ХҚКО іске қосылды.

Аталған шара Мемлекет басшысының халықтың, оның ішінде аудан орталықтарынан алыста орналасқан елді мекен тұрғындарының мемлекеттік  қызмет көрсетулерге толық  қолжетімділігін  қамтамасыз ету туралы тапсырмасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Ауылдық аймақ әкімдерімен алдын-ала келісілген   жұмыс  кестесіне сәйкес, мобильді ХҚКО ауылдарды аралап, стационарлық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы негізгі мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсынады.

Қажет құжаттарды ресімдегеннен кейін, ол құжаттар аудан орталығында орналасқан  ХҚКО жіберіледі. Қызмет  көрсету Стандарттары және  Регламентімен бекітілген мерзім ішінде дайын болған құжаттар сұраным жіберілген мекен-жайға жеткізіледі.

Осылайша, алыс елді мекен тұрғындары, өздеріне қажетті анықтамаларды алу үшін аудан орталықтарына баруға кететін уақыты мен  жол шығындарын үнемдейді.

Бір мобильді ХҚКО-ның(арнайы фотоаппарат, электрондық қолтаңба сканері, принтер және ноутбукпен жабдықталған НИВА автокөлігі ) құны, алдын-ала есеп бойынша 2 млн теңгені құрайды.  Бұған қосымша штаттық бірліктің қажеті жоқ.

Осындай мобильді ХҚКО пилоттық режимде Жамбыл облысының Меркі ауданында іске қосылған болатын. Ағымдағы жылғы маусым айының  аяғына дейін  Атырау облысының  бір ауданында  іске қосылады.  2012-2013 жылдары  мобильдік ХҚКО еліміздің барлық аудандарында жұмыс істейтін болады.

ҚР БАМ Баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520