Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2763 0 пікір 13 Маусым, 2011 сағат 07:23

Назерке ЖҰМАБАЙ. Оралханға ораламыз

«Қазақ әдебиеті мен өнерінде дәл қазір,
ептеп тоқырау бар. Үрдіс өсетін күн жақын.
Жақын болғанда 200 жылдан соң. Ол шақта
біреу бар, біреу жоқ. Мен өзім... жоқ
боламын-ау деймін»

Оралхан Бөкей


Есіміңіздің елеулі екенін білесіз бе?

Өмірде қазір не көп? Немесе кім көп? Абайлар, Мұхтарлар, Махамбеттер, Ахметтер, Әлихандар, Оралхандар, Қасымдар көп... Есімдерін атамай жатып шатасасыз. Сіздерді білмедім, өз басым мұндай жайттармен жиі ұшырасамын. Өйткені, менің достарымның көбісі дерлік Алашқа ардақты азаматтардың есімін иеленген. Есім деген дүниеге аса үлкен мән беретіндігімнен болар, сол достарыма да үлкен-үлкен жауапкершілік, міндет артамын. Абай, Әлихан деген жақындарымның болғаны жаныма зор мақтаныш ұялатқанымен, дәл сондай деңгейде қорқыныш та сыйлайтыны жасырын емес. Олай дейтінім, ұлы тұлғаның есімін иелену үшін соған лайықты ғұмыр да кеше білу керек, меніңше. Ата-аналар осыған, яғни есім қою мәселесіне келгенде ерекше мұқият болса екен. Әйтпесе, өз биігіне әлдеқашан көтеріліп кеткен ұлылықты бір-ақ сәтте жермен жексен ететіндер бүгінгі қоғамда мыңдап саналады...

 

Оралхандар неге ойсызданды?

«Қазақ әдебиеті мен өнерінде дәл қазір,
ептеп тоқырау бар. Үрдіс өсетін күн жақын.
Жақын болғанда 200 жылдан соң. Ол шақта
біреу бар, біреу жоқ. Мен өзім... жоқ
боламын-ау деймін»

Оралхан Бөкей


Есіміңіздің елеулі екенін білесіз бе?

Өмірде қазір не көп? Немесе кім көп? Абайлар, Мұхтарлар, Махамбеттер, Ахметтер, Әлихандар, Оралхандар, Қасымдар көп... Есімдерін атамай жатып шатасасыз. Сіздерді білмедім, өз басым мұндай жайттармен жиі ұшырасамын. Өйткені, менің достарымның көбісі дерлік Алашқа ардақты азаматтардың есімін иеленген. Есім деген дүниеге аса үлкен мән беретіндігімнен болар, сол достарыма да үлкен-үлкен жауапкершілік, міндет артамын. Абай, Әлихан деген жақындарымның болғаны жаныма зор мақтаныш ұялатқанымен, дәл сондай деңгейде қорқыныш та сыйлайтыны жасырын емес. Олай дейтінім, ұлы тұлғаның есімін иелену үшін соған лайықты ғұмыр да кеше білу керек, меніңше. Ата-аналар осыған, яғни есім қою мәселесіне келгенде ерекше мұқият болса екен. Әйтпесе, өз биігіне әлдеқашан көтеріліп кеткен ұлылықты бір-ақ сәтте жермен жексен ететіндер бүгінгі қоғамда мыңдап саналады...

 

Оралхандар неге ойсызданды?

...Өткенде телефон арқылы Оралхан деген азаматпен кездейсоқ танысып қалдым. Сүйікті қаламгерімнің есімін иеленгені үшін де алғашында әңгімелесуге, ой бөлісуге қарсылық білдірмей, қайта қызығушылық таныттым. Сондағы әңгімеміздің сиқы төмендегідей:
- Сәлем!
- Сәлеметсіз бе? Сізден бірдеңе сұрасам бола ма? Әрине, ренжімесеңіз.
- Сұраңыз.
- Сіздің есіміңіз неге Оралхан? Және ол атты кім қойды?
- Ұнамай ма?
- Керісінше, ең әдемі есім!
- Қой-ей, көңіл үшін айтатындарды ұнатпаймын. Үйдегілер қойған, не үшін білмедім...
- Мен есімге үлкен мән беретін адаммын. Расында, әдемі есім! Үйдегілерден сұрай аласыз ба, мүмкін болса...
- Бір қайтып келген соң, қайтып оралады деп қойған-ау, шамасы. Мен солай ойлаймын, басқасын білмедім.
- Сіз екінші рет қайдан оралу керек едіңіз?
- Арғы дүниеден.
- Ааа, солай ма? Ал, мен ол есімді белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің құрметіне қойылған екен деп ойласам... Сіз сол қаламгермен таныс па едіңіз?
- Естігем, ондай ақынды!
- А, сіздер жақта Ор-ағаң ақын ба? Біздер ол кісіні жазушы деп жүрсек...
- Мен солай ойлаймын. Ақын, жазушы деп те ажыратпаймын. Оларда еш айырма жоқ.
- ...Өкінішті. Сау болып тұрыңыз!
Дедім! Дедім де, телефонымды дереу өшіріп тастадым. Өйткені, одан әрі ұлы суреткерді қорлатуға шыдамым жетпеді. Қоюын қойсам да, көкірегімдегі булыққан ашудан арылып, тез арада сабама түсе алмадым. Жиырма бес дейтін жігіт жасын бағындырып үлгерсе де, аға тұтып араласқан апталдай азамат тек Ор-ағаңды ғана емес, аты алашқа мәлім тағы біраз тұлғалардың ұлт үшін жасап кеткен жарқын істерін былай қойғанда, бұл өмірде болғандығынан да мақұрым болып шықты. Әйтеуір Абайды «білгеніне» тәуба дедім...
...Жанымды қоярға жер таппай, терезеге беттегенімде, тыстағы орындықта қос қария соғыстырып қойып «ақаңнан» сілтеп отырды. Жырымы шыққан және бір жан қоқыс аралап, өзегін жалғап жүрген. Қызық, олардың есімі кім екен?!.

 

Жолымыз Оралхан көшесіне қашан түседі?

17 мамыр -  қазақ руханиятының қасіретті күні. Бұл күні әдебиетіміз Оралхан Бөкей есімді үлкен жазушысынан жат елде қапыда көз жазып, қара жамылып қалған еді. Осы көктемде Оралхан ағамыздың Үндістаннан оралмай, мәңгілік өмірге сапар шегіп кеткеніне де он сегіз жыл болыпты. Бір қарағанда, он сегіз жыл деген тым көп те уақыт емес. Дегенмен, жастар танымынан өшіп, санасынан ұмыт болуына жеткілікті екен... Кезінде  халқымен бірге жасайтын өзінің мәңгілік өміріне риясыз сеніп кеткен қарымды қаламгер Кеңсайдың төбе жақ беткейінің елеусіз ғана жерінен орын алыпты. Күллі қазақтың ауқымына сыймай кеткен классик туған елінің бір пұшпағын мәңгілік мекеніне айналдырыпты. Бас жағына ескерткіш боп орнаған тас мүсіні Кербұғыдай кербез кейіпте қасқайқан қалпы сол баяғы асқақ күйінде. Тек бір өкініштісі, тірілер тарапынан ескерусіз. Сарғайып, қураған өсімдік жапырақтары суреткердің басына көптен бері ешкімнің арнайы іздеп келмегенінен, әруағына құран бағыштамағанынан хабардар етіп тұр. Шаңға бөгіп, айғызданған құлпытасынан: «Еркіндігін аңсаған Кербұғы  тіпті де өлген жоқ», - деген сөзін әзер аршып алдық. Ойлап отырсақ, қаламгердің көзі кеткелі 1996 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан екі томдығынан өзге әлі толық шығармалар жинағы да жарық көрмепті. Әйтпесе, дүкен сөрелерін толтырып, аузы-мұрынын шығара қаз-қатар тізілген қажетті-қажетсіз кітаптардың арасынан маңдайшасында Оралхан Бөкей деп жазылған кітапты іздесек те таба алмай қиналуымыз қаншалықты орынды? Көзі тірісінде жары Ардақ апайымызға: «Мен өлгенде ғана кімнің әйелі болғаныңды түсінесің. Мақтан ететін боласың мені» - дейді екен. Сол жеңгеміз қазір қайда? Шын мәнінде, кімнің жары болғанын сезінді ме екен? Сезінсе, неге үнсіз? Ор-ағаңсыз өткен жиырма жылға жуық уақытта ауыз толтырып айтарлық жарқын істердің неге куәсі емеспіз? Жалғыз-ақ «Оралхан Бөкей оқулары» арқылы ғана көңіл жұбататынымыз болмаса, басқа уақытта Оралхан неге ұмыт? Жүсіпбек Қорғасбек ағамызша айтсақ, алғаш болып қазақ журналистикасына саяси тақырыпты алып келген қаламгердің бүгінгі іздеушісі қайда? Сауал көп, тек жауап мардымсыз. «Көзін көріп, жақын араласты ғой, айтары да бар шығар» - деп, сыр суыртпақтағымыз келген аға-әпкелеріміз сауалымызға орай тек әдемі естеліктер айтумен шектеледі, ал кейбіреулері тіпті мойын бұрып та қарамайды. Уақыттары жоқ, бәрі - іскер.
Хош! Десек те, басқа басқа, ағып түскен жұлдыз-ғұмырының соңына дейін әдебиеті үшін адал қызмет еткен Алматысының төрінен Оралхан Бөкейдің атымен аталатын бір көшенің берілмеуі жанды жабырқатады. Руханияттың алып шаһарында жүріп, Бөкей көшесіне ешқашан жолымыздың түспейтіні ұят емес те,  өзге тілдегі кейбір көшелердің атауына тіліміз келмей шүлдірлегеніміз үшін жерге кіріп кете жаздаймыз. Тіпті кейбір кезде Фурманов сияқты ірі көшелерді бойлап кетіп бара жатып:  «Шіркін, Оралхан Бөкей есімімен аталатын осындай бір көше алматылықтарға бұйыра ма екен?» - деп жиі-жиі армандап та қоямыз. Қанша қиялдағанымызбен ол армандар ауылына жетудің жолы Ор-ағаң қайтқаннан бергі он сегіз жылда жеткізбей келеді. Алайда, үмітін ең соңғы үзетін пенде емес пе едік, көкірегімізде әлі де жақсы жаңалық күткен сенім оты маздайды. Алда келе жатқан суреткердің 70 жылдық мерейтойына орай басшылық тарапынан бір нәтиже шығарылып, осы олқылықтың орнын толтыруға әрекет етілсе екен деген үлкен тілегіміз бен бірге, сол тілегіміз үкімет, қала басшылары тарапынан ескеріледі деген үлкен сеніміміз де бар.

P.S.  Оралхан есімі - сұлулықпен егіз. Әсемдікті сөз етіп отырып, Ор-ағаңды ойға алмау, әсте, мүмкін емес. Себебі, сұңғыла суреткердің өзі де, шығармалары да - тұнып тұрған сұлулық. Бүгінгі жан тереңіне бойлауды жат көретін техникаланған робот заман, сыршылдықты сыпайылық емес, сұмпайылық деп білетін қатыгез қоғамның әзірге ондай құндылықтарды түсінбеуі, бәлкім, уақытша заңдылық та шығар. Алайда, түптің түбінде әлем әсемдікті іздеп, жан тереңдігін, адами құндылықтарды аңсайтын болады. Дәл сол кезде біз, сөз жоқ, Оралханға оралатын боламыз. Демек, Ор-ағаңның өзі айтпақшы, еркіндігін аңсаған Кербұғы тіпті де өлген жоқ. Ол - мәңгілік!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543