Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2305 0 пікір 14 Маусым, 2011 сағат 02:14

Қасым мен ғасыр

«Дүниеге келер әлі талай Қасым...» Дүниеге талай Қасымның келеріне күмәнсіз болып ғұмыр кешкен ақынның туғанына да ғасыр толыпты. Биылғы жыл қазақ поэзиясында «Қасым мен ғасыр» жылы атануға тиіс. Себебі Аманжолдың Қасымы өз тұсындағы ақын біткен соғыстағы жеңіс пен колхоз-совхоздың тойын жырлап, социализмнің екпінді құрлысына есі кетіп жүргенде қазақ лирикасына қайтадан жан бітіріп, қазақтың көркем тілімен өлеңнің өрісін ашқан еді.  Астанасынан баспанасын таппай тарыққан ақынның поэзиядағы бағы замандастарынан басым болды. Қасым атына сай қасқайып дәурен сүрді.

 

«Дүниеге келер әлі талай Қасым...» Дүниеге талай Қасымның келеріне күмәнсіз болып ғұмыр кешкен ақынның туғанына да ғасыр толыпты. Биылғы жыл қазақ поэзиясында «Қасым мен ғасыр» жылы атануға тиіс. Себебі Аманжолдың Қасымы өз тұсындағы ақын біткен соғыстағы жеңіс пен колхоз-совхоздың тойын жырлап, социализмнің екпінді құрлысына есі кетіп жүргенде қазақ лирикасына қайтадан жан бітіріп, қазақтың көркем тілімен өлеңнің өрісін ашқан еді.  Астанасынан баспанасын таппай тарыққан ақынның поэзиядағы бағы замандастарынан басым болды. Қасым атына сай қасқайып дәурен сүрді.

 

Қасым атамыз қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келіпті. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегенде айтқан Қызылы - сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым Семейде 1927 жылға дейін интернаттың тәрбиесін көреді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді.

Қасымның мерейтойы атаусыз өтпейтін сияқты. Арқа жақта Аманжолдың Қасымынан қалған рухани мұраларды насихаттау, оқудан алыстап қалған елдің есіне салу шаралары басталып жатыр. Осы сөзімізге дәлел: кеше редакциямызға 17 маусымда сағат 19.00-де ҚР Президенттік мәдениет орталығында қазақтың ұлы ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты әдеби-музыкалық кеші өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет министрінің Баспасөз қызметінен.

 

«Қасым Аманжолов - қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.

Қасым Аманжолов - көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.

Қасым Аманжолов - өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын» деп жазады Мәдениет министрінің Баспасөз қызметі ақын туралы берген қысқаша мағлұматында .

 

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543