Назарбаев Түркия үкіметі басшысын әділет және даму партиясының парламеттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Премьер-Министрі Реджеп Тайип Эрдоғанның атына Әділет және даму партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев түрік халқы таңдауын жасаған сайлау Әділет және даму партиясына білдірілген сенім мен оның мемлекеттің дамуына қосқан көрнекті үлесін мойындауының дәлелі екенін атап өткен.
«Біздің елдеріміздің басқарушы партиялары арасындағы байланыс Қазақстан мен Түркияның стратегиялық әріптестігін нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді», делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті Түркия Премьер-Министріне зор денсаулық пен табыс, ал түрік халқына игілік пен гүлдену тілеген.
АСТАНА, 14 мау - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz