Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2234 0 пікір 14 Маусым, 2011 сағат 05:07

Қазақ мәдениетін стратегиялық институтсыз қалдырмайық!

Сенатор, академик, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімге!
ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени даму тобының мүшесі Бекболат Тілеуханға!

Қазақ мәдениетінің даму тарихына үлкен әсер еткен Мәдени саясат және өнертану Институты жабылады деген сыбыс реалдыққа айналып келеді. Инститтутың  офис жиhаздары жауапты сақталуға беріліп,  Институт Алматы қаласындағы (Достық, 15) ғимаратынан көшірілді. Кезінде бұл Институт қазақ мәдениетінің стратегиялық штабы болып қызмет атқарды. Осы жерде ұлт зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов бас қосты. Болашақ Мәдени саясат Институты 1934 жылы Ұлт мәдениетін зерттеу институты ретінде ашылып қазақ мәдениетінің алтын ордасына  айналды. Кеңестік жүйе  бұл институтты 1936 жылы КРСО академиясының  Қазақ филиалына қосып жіберіп, қазақ  ұлтшылдығына соққы берді.

Сенатор, академик, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімге!
ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени даму тобының мүшесі Бекболат Тілеуханға!

Қазақ мәдениетінің даму тарихына үлкен әсер еткен Мәдени саясат және өнертану Институты жабылады деген сыбыс реалдыққа айналып келеді. Инститтутың  офис жиhаздары жауапты сақталуға беріліп,  Институт Алматы қаласындағы (Достық, 15) ғимаратынан көшірілді. Кезінде бұл Институт қазақ мәдениетінің стратегиялық штабы болып қызмет атқарды. Осы жерде ұлт зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов бас қосты. Болашақ Мәдени саясат Институты 1934 жылы Ұлт мәдениетін зерттеу институты ретінде ашылып қазақ мәдениетінің алтын ордасына  айналды. Кеңестік жүйе  бұл институтты 1936 жылы КРСО академиясының  Қазақ филиалына қосып жіберіп, қазақ  ұлтшылдығына соққы берді.

Егемен  ел болған тұста қазақ руханиятының штабы қайта түледі. Жанашыры табылып  сол кездегі Министр Қырымбек Көшербаев пен оның орынбасыры Ерлан Арын тарихи  әділеттікті  қалпына келтіріп, институтты қайтадан ашты. Бұл  1998-жыл болатын. Дулат Исабеков директор болып тұрған кезде  институттың жұлдызды сәті туып, ол кетісімен қайта құлдырады. Мәселен соңғы тоғыз айда институт қызметкерлеріне айлық төленбеген, жұмыстан босамаған  қызметкер ақысыз демалысқа қуылған. Алты ғылыми бағдарлама түгелдей жабылған. Оның ішінде қазақтың  дәстүрлі музыкалық фолклорын-ескі әндер мен күйлерді  жинауға және өңдеуге қатысты, сондай-ақ қазақ домбырасының акустикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған бағдарламалар болатын. Соның салдарынан  қазақ мәдениетінің бағыт-бағдарын айқындап, өзге мәдениеттерге жұтылып кетпеу жолын көрсететін, бүтін бір елдің мәдени саясатын зерделейтін    Мәдени саясат және өнертану институты жабылмақ.Бұл мәселе жөнінде бірнеше басылымда ұлт зиялылары хабарлаған болатын. (М.Шаханов, Д.Исабеков,Ә.Меңдеке,Ш.Паттеев«Түркістан» газеті 3 наурыз 2011,«Деловая неделя» газеті 4 наурыз 2011).

Біздің ойымызша, Мәдениет минстрлігі бұл Институтты жаппай, керісінше қайта реконструкциялап , штатпен жарақтандырып , қаржыландырып , күн тәртібіне сәйкес тақырыптармен күшейтіп іске қосқаны абзал.Біз төмендегідей ұсыныс жасаймыз.
Ең алдымен Институтта үш бағыт болу керек. Біріншіден, ол  тіл саясаты мен қазақ жазу графикасын зерттеп тиянақты ғылыми ұсыныс беру. Соңғы жиырма жылда қазақ тілі мемлекеттік тіл бола тұра тек де-юре мемлекеттік тіл  болды. Ал мемлекеттік тіл тілді де-факто  мемлекеттік статусына сай қылу қосымша зерттеу керек етеді.Үш тұғырлы тіл саясаты тақырыбы түбегейлі зерттеу қажет етеді. Қазақ тілін қалай өркендетеміз деген оймен қалың бұқара қазақтың ағылшын тілдік  дүниежүзілік коммуникация ағымына қосу маңызды.Ағылшын тілі - алпауыт тіл ретінде бүгінгі күні Қазақстан мектебінде және жоғары оқу орындарында неміс пен француз тілдерін толық тықсырды.Енді аз уақыттың ішінде екінші тіл ретінде орыс тілінің орнын жаулап алмақ. Сонда Қазақстанның  тіл приоритеті : алдымен мемлекеттік тіл-қазақ тілі, екінші тіл орнында  ағылшын тілінің жұлдызы жанбақ. Орыс тілі белгілі коммуникативтік функцияларын сақтауы әбден мүмкін. Қазақ мемлекеті орыс пен ағылшын тілдерінің еркін конкуренциясына жағдай туғызуы жөн. Англосаксон әлемі мен орыс әлемі мен геосаясаты Қазақстан мемлекеті кеңістігінде  өз тілдері мен руханият құндылықтарын орнықтыру  үшін масс-медия мен коммуникацияда бақталасып көрсін. Қазақстанға керегі тіл дивесификациясы. Бізге ешбір бөгде тілге толық байланбай өзімізге  керек болса ағылшынша, керек болса орысша ,әйтпесе қытайша сөйлейтін, бірақ төл тілімізге  берік  қазақ зиялысы өтімді болуы заңды. Тек ағылшын тілінің  дүниежүзілік тіл ретінде танымдылығы бар, орыс тілі, мәселенки, тек локалды тілдердің бірі, қытай, жапон, португал, араб, испан, неміс, француз, суахили, хинди, урду тілдерімен қатар. Латыншаға көшіргісі келетіндер мен көшкісі келмейтіндердің  аргументтерін ғылыми жүйеге келтіріп, мәселенің геосаяси және руханияттық астарын терең қарастырып тиянақты шешім айтатын кез келді. Екінші бағыт -қазақ мәдениетін Қазақстанда төл ұлт мәдениеті, егеменді ел мәдениеті ретінде негізгі объект  пен субъект  ретінде мойындап заңды  доминация беру.Дүние жүзінде мультикультурализм концепциясы абырой таппай жеңілген тұста қазақ мәдениеті Қазақстандағы аз этностар мәдениетінің біріктіруші және  интегративті мәдениет ретінде таныту.Қазақ мәдениеті қазақ ұлтының рухани азығы бола тұра жаhандану заманыда жүздеген аз этностарды да сусындырады. Үшінші бағыт-діни төзімділік пен ұлттық діни руханиятты сақтау мен дамыту.Діни экстремизм мен араби -парсы-пушту исламизміне қарсы тұру оңай түспес, оған терең зерттеулер өзек болуы керек.Ғылыми зерттеулер төл руханиятымыздан,төл масхабымыздан  тұрақ  іздегені дұрыс.

Біз Мәдени саясат институтын жабылуын құптамаймыз. Сондықтан көтерілген жәйтқа зиялы қауым өкілдерінің де назарын аударып, тиісті мәселенің оң шешімін табуына ықпал етуін қалаймыз. Сондай-ақ жоғары билік те бұл мәселеге назар аударады деп ойлаймыз.

Ғали Әзімбай,
тарих ғылымдарының докторы, доцент, Мәдени саясат және өнертану институтының жеткші ғылыми қызметкері,

87015230568, үй телефоны  -  2243110

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543