Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2071 0 пікір 15 Маусым, 2011 сағат 07:36

СҚО әкімі бір мезетте төрт қызды дүниеге әкелген Ивановтар отбасына 3 бөлмелі пәтерге сертификат тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. 15 маусым. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов кеше облыстық перинаталдық орталықта болып, төрт қызды дүниеге әкелген бақытты ата-ананы құттықтады,деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін ҚазАқпарат хабарлағандай, Петропавлдың облыстық перинаталдық орталығында Солтүстік Қазақстан облысына қарасты аудандардың бірінде тұратын әйел  төрт қыз баланы өмірге әкелді.

«Қыз балалар 11 маусым күні дүниеге келді.  Олардың анасы облысқа қарасты аудандардың бірінде тұратын 32 жастағы әйел екенін айта аламын. Бұрын бұл отбасында бала болмаған. Үш қыздың салмағы 2 келі және бір сәби 1 келі 400 грамм салмақта. Әрине, олардың салмақтары аз, бірақ әйел ойдағыдай босанды. Сәби мен ананың денсаулығын біраз бақылауда ұстау керек болғандықтан, жас ана екі аптадан кейін перзентханадан шығады», - деді орталықтың бас дәрігері. Қыз балалардың есімдері Марина, Екатерина, Антонина және Елизавета.

Бақытты ата-ананы облыс әкімі құттықтап, оларға 3 бөлмелі пәтерге сертификат тапсырды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113