Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2041 0 пікір 16 Маусым, 2011 сағат 06:15

Павлодарда «Абайлаңыз, алаяқтар!» атты акция басталды

ПАВЛОДАР. 16 маусым. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Абайлаңыз, алаяқтар!»  атты акция  басталды,деп  хабарлады    Ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен. Акция айдың  соңына  дейін  созылады.

Полицияның учаскелік  инспекторлары  өз  учаскелеріндегі    барлық пәтерлер мен  аулаларды   аралауда.      Олар  қала тұрғындарын   телефон  арқылы жасалатын    алаяқтық  оқиғалардың  жиілеп кеткені жайлы   ескертуде.   Өздерін   полиция  қызметкерлеріміз деп таныстыратын   белгісіз біреулер  азаматтарға  олардың  туыстары    қылмыс жасап,  қамауға түскенін,  бірақ   белгілі  бір   сома   әкелінген жағдайда,  олардың босатылатынын  хабарлайды.  Адамдар   асып-сасып,  жағдайды тексерместен, алаяқтардың  қолына  барларын    беріп   қоятын  болған.

Полицейлер  тұрғындарға мұндай жағдайларда    не істеп, не қою керек екенін, кімдерге қоңырау   шалу қажеттігін түсіндіріп, полиция  нөмірлері  жазылған  кітапшаларды  табыс етуде. Инспекторлар,  әсіресе, алаяқтардың алдауына  жиі түсетін  зейнеткерлермен көбірек жұмыс істеуде.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4923
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124