Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1997 0 пікір 16 Маусым, 2011 сағат 06:46

Нақышбай Чаукенов. Ақша қымбат емес, елге - ер қымбат!

26-мамыр күні басталған ереуіл әлі тоқтар емес. Менің ұзынқұлақтан  естуім бойынша, «Өзенмұнайгаздың» 200-ден аса жұмысшысы жиырма күннен бері еңбекақы төлеу жүйесіне қатысты талаптарын алға тартып, бірқатары «ашығып» жатыр, бірқатары соларды қолдаймыз деген желеумен «тікесінен тік тұрып», наразылығын білдіруде. Ал қалған 500-дей мұнайшы әр жерде жеке шаруасымен ереуілді желеу етіп «қыдырып» жүр. Аштықтағы Наташа Ажигалиева бастаған «нар» азаматтар «халық» үшін, «күндіз емес, түн жасырар өтірікті, ұрлықты» дегендей, түнде тамақ ішіп «шыдамдылық» танытып арпалысуда. Наташаның ойы жұмыссыз қалған 100 адам өзіне шаба ма десе, жұмыссыз 100 адам Наташаның азғырынды тіліне еріп  адасып жүр.

26-мамыр күні басталған ереуіл әлі тоқтар емес. Менің ұзынқұлақтан  естуім бойынша, «Өзенмұнайгаздың» 200-ден аса жұмысшысы жиырма күннен бері еңбекақы төлеу жүйесіне қатысты талаптарын алға тартып, бірқатары «ашығып» жатыр, бірқатары соларды қолдаймыз деген желеумен «тікесінен тік тұрып», наразылығын білдіруде. Ал қалған 500-дей мұнайшы әр жерде жеке шаруасымен ереуілді желеу етіп «қыдырып» жүр. Аштықтағы Наташа Ажигалиева бастаған «нар» азаматтар «халық» үшін, «күндіз емес, түн жасырар өтірікті, ұрлықты» дегендей, түнде тамақ ішіп «шыдамдылық» танытып арпалысуда. Наташаның ойы жұмыссыз қалған 100 адам өзіне шаба ма десе, жұмыссыз 100 адам Наташаның азғырынды тіліне еріп  адасып жүр.

Жаңаөзендегі басты тақырыпқа айналған ереуіл туралы әңгіме ел ішінде желдей есіп, түрден түрге еніп, күн сайын мың құбылып жетіп жатыр құлағымызға. Әңгіменің ауанын байқасам, қала тұрғындарының көбі мұнайшылардың 600-700 мың теңге беруді талап еткен ереуілдерін «буынсыз жерге пышақ ұру» ашкөздікпен  тобасынан жаңылғандық деп біледі. Ал мәселенің ақ-қарасын айыратын құзырлы органдар бұл наразылықты әлдеқашан заңсыз деп таныды. Дүрбелеңнің артында  «шаң жұтып қалудан» қорыққан кейбір ереуілшілердің көкейінде сұрақ көп. Әліптің артын бағып, жұмыссыз қалмау үшін аяқ астынан «науқасқа ұшырап», Ақтаудағы «Нейрон», «Чакур»,  т.б жеке меншіктегі медорталықтардан  «ауру» қағазын алғандар да, ереуіл басталады деген пыш-пышты естіп, сылтау айтып еңбек демалысына кетіп қалғандар да бар. Өз әрекетін заң жүзінде қиюын келтіріп алған мұндай мұнайшылардың, әрине, жағасы жайлауда, қойы қорада, есі өсекте жүр.

Ереуіл басталғаннан бері Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеевтен бастап ел ақсақалдары, өндірістік кәсіпорындардың басшылары, тіпті бюджеттік сала қызметкерлері де ереуілшілермен кездесіп, шынайы жағдайды дұрыс түсіндірді, заңсыз наразылықтың зардабы көп болатынын айтты. Қысқасы олар «қанағат қарын тойдырады, қанағатсыздық астыңдағы жалғыз атыңды сойдырады» деген қазақ мақалын қағида етіп, басы бар адамға мазмұны бар сөз айтты.  Бұндай аталы сөздің астарын түсінгендер түсініп жұмысқа шықты, бірқатары әлі Н.Соколованың соңынан салпақтап «жеңіске жетеміз» деп қиялға сеніп жүр.

«Кәсібі бірдің нәсібі бір». Олардың бірін-бірі түсінуі де тез. Осы себепті болар, әуел баста ереуіл деген әңгімені естіген көптеген мұнайшының көңілі бұзылып, оларда «расында ереуілдетеміз-ау» деген дүдәмал пікір пайда болды. Бірақ мұнайшылардың арасында да танымы терең, мәселенің мәнін әріден ұғынатын азаматтар бар. Әлбетте, мұндай азаматтар әріптестеріне, жалпы мұнайшыларға заңсыз ереуілден сақтануды, ештеңеге алаңдамай жұмыстарына шығуды айтты, түсіндірді. Алақандай шағын қалада тұрғандықтан жаңаөзендіктердің бірін-бірі тануы түсінікті жайт. Мен білетін УОС-1 жұмысшысы «Тойота Хайс» микроавтобус жүргізушісі Алуадин Атшыбаев, УТТ жұмысшысы Мырза Төленбаев, Санжар Нұртаев, УОС-2 жұмысшысы Торғаев Марат, Қашанов Таған, УОС-5 пен УОС-3 кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Максим Исенбаев пен Табын Ергеновтер Наташа Соколовамен келіспей, елдің мұңын мұңдап, заңсыз ереуілге қатыспауды, Н.Соколованың азғыруынан сақтануды, бекерден бекер арандап қалмауды айтып, мұнайшыларға жанашырлық танытып жүр. Жұмысшылары жұмысқа шықпай қалып, дел-сал күйде азаматтардан көмек күткен мекеме басшыларының сенімді серіктері де осы жігіттер. Мәселенің мәнісін айтып, босқа ереуілдеп өз ырысымызды өзіміз шашпайық деген олардың ізгі ниеттері халыққа жанашырлықтың жарқын үлгісіндей әсер етуде.

Бұл жолда қасыңа сенімді серік, ер азамат керек. Осындайда жұрт тыныштығын ойлап, бүгінгі заңсыз ереуілді тоқтату керек деп мұнайшыларды үгіттеп жүрген Алуадин, Мырза, Марат, Санжар, Максим, Табын, Таған секілді ер азаматтардың әрекеті көңіл сүйсіндіреді, бұларға еріксіз ризашылықпен қарайсың. Мұндай азаматтарға бәрекелді деп алғыс айтқаннан басқа айтарым жоқ. Тек қатарларыңыз көбейсін, арандатуға қарсы абзал азаматтар деймін.

 

Нақышбай  Чаукенов,

Жаңаөзен қаласының тұрғыны.

Маңғыстау облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554