Шәріпхан Қайсар. БІЗ ТОБЫРМЫЗ БА?
Қазақстанда қазақ тілін мемлекеттің тілі ретінде қорғау мүмкін емес, оған заңдамалық негіз жоқ. Конституцияда көрсетілген мәртебе тек қана декларация түрінде, оны жүзеге асыратын, реттейтін заң мен нормативтік сәйкес актлер және жоқ. Депутаттар қолға алып, заңжоба жасайтындай жігер мен күрескерлік рух олардың бойларынан табылмай тұр. Өз еркін білдіре бастаған депутат түрлі қысымға ұшырайды. Жуырда алфавитті латыншаға аударуды қолдаған депутатқа жан жақтан орыстілді қазақтар жан ұшырып қарсы пікір білдіріп, өз мүдделерінің қарсы екенін білдіре бастады. Ал, мұның бәріне қарсы тұрарлық қазақтілді қауымда қауқар бар ма? Болса, қайда?
Мәселен, қазақтілділер бүгінде мемлекеттік тілді емес, өз мүдделерін қолға алуы керек. Өздеріне қазақ тіліндегі ақпараттың тапшылығын, көрінген жерде абыройларын таптап, елемейтіндей жағдайды күнде бастан кешіп жатады. Жарнама мен үлкенді-кішілі ақпарат біткен тек қана орыс тілінде. Соның кесірінен қазақтілді БАҚ-тар қаржы таба алмай зардап шегуде. Жоғарыдағы хабарландыру тек қазақ тілінде ғана жазылып, оны орыс әжей беттеріне лақтырса, қазақ ұлықтары бұттарына кіш етіп қояр еді...

Мұндай хабарландырулар, шын мәнінде елдегі қазақ деген ұлтты ғана емес, қазақ тілінде сөйлейтін миллиондаған адамдардың құқығын таптап жатады. Оны қорғап отырған омбудсмен де жоқ, оған шағынатын қазақтілді азаматтар да әбден шарасыз халды бастан кешуде. Дәлірегін айтқанда, жігерсіздік пен дүбәрәлік еңсені басуда. Әйтпесе, мына хабарландыру жөнінде әкімдікке кемінде он адам қоңырау шалып, прокуратураға бес адам хат жазып, екі адам екі жерден сотқа шағымданса, көрініс,тіпті басқаша болар еді!
Елде адам құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар жүзден асады десек, қате емес. Алайда, олардың қазақтілді азаматтар құқығымен саудасы жоқ. Ал, ұлтшыл болып тіркелген ұйымдарда да есеп жоқ, олардың мұндай істі қолға алуына сауаттары мен құнттары жетпейді, қаржы керек. Бұл ұйымдарды оқытып, семинарларға шақырып дәріс беретін донор-ұйымдар мен қыруар ақша бөліп, азаматтық қоғамды дамытуға пейілді министрлік тапсырысы құрдымға кетіп жатқаны өз алдына бөлек әңгіме.
Сайып келгенде, капиталистік қоғамда ұлттық мүдде таптық, әлеуметтік мүдделерден төмен болады. Алайда, билікке ықпал ете алатын ұлтшыл күштер ғана дегенін істетеді. Билікке жайғасқан кешегі коммунистер мен комсомолдар ең әуелі өз мансаптары мен бала-шағаларының аттарындағы бизнестерін бірінші ойлайтыны түсінікті. Әгәрәки, орыстілді қауым тарапынан әлдебір пікір білдірілсе, әлгі «элитамыз» қайыған іңгендей сигектеп кетеді. Неге? Өйткені өздері сол қауымның ықпалында! Қазақтың қамын күйттеген мүйізі қарағайдай ақсақалдарымыздың өзі орыстілді ортаның гөй-гөйімен қартайды. Осының бәрін қарастыра келгенде, өз қотырын өзі қаситын қазақтілді саяси қауым бар ма, қалыптасты ма? Болса, олар өз мүдделерін неге қорғай алмайды? Тізгіні оңжақтағы көліктердің қожайындарын біріктірген орыстілді азаматтар министрлікті бетіне жібермей, дер кезінде тосқауыл бола алғанда, миллиондаған қазақтілді адамдар қауымы ортақ мүддені былай қойғанда, мемлекеттік мүддеге жататын тілді қорғауда неге әлжуаз болып отыр? Бұл - тобырлық сананың нәтижесі емес пе?... Сонда не істеу керек, аштық жариялау тактикасы ғана ма, қазақтардың меңгергені?
«Абай-ақпарат»