Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2034 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 14:26

Оралмандарды ойрандап кетті

Ақсу ауданына қарасты Қазалы ауылында аймақты шулатқан оқиға болды. Бір түнде біреулер осы ауылда тұратын Моңғолиядан көшіп келген қандастарымыздың үй-жайын талқандап кеткен. Кейін белгілі болғандай, қиратушылар ауылдың тұрғылықты жігіттері болып шықты. Ауылдың елу шақты жастары жиналып, шеттен оралған ағайындар тұратын көшені «сыпырып» шыққан. Үйлердің әйнектері мен қоршауларын сындырып, далада тұрған көліктерді қиратып кеткен. Абырой болғанда олардың алдынан адам жолықпапты. Әйтпегенде оқиғаның соңы немен тынарын бір Алланың өзі ғана біледі. Қазір керекулік ҰҚК-нің мамандары мен ішкі істер органдары Қазалыны шарлап, тексеру жүргізіп жатыр. Түнгі ойранға қатысқандардың әзірге сегізі қолға түскен көрінеді. Қазалыдағы қандастарымыздың айтуынша, осы оқиға болардан екі күн бұрын жергілікті жігіттер мен оралман жастары арасында төбелес болған.
Бұл Ақсудағы орламандарға қарсы бағытталған бірінші «жорық» емес. Осыдан бірнеше ай бұрын Павлодар облысындағы Май ауданының оралмандар көп тұратын Ақжар ауылында да келеңсіз оқиға болды. Бұл жолы тұрғылықты қыздар мен оралман қыздар төбелескен. Жалпы, соңғы жылдары Ақжар ауылында ағайындарға «моңғолдар» деп тіл тигізіп, артынан таяқ жеген соң, сотқа арызданып, ақша табу «бизнесі» жанданған. Көгерген көзі үшін қорқытып-үркітіп 4-5 мың АҚШ долларын бопсалап алады.

Мұның бәрі ауыл мен аудандағы ішкі саясат бөліміндегілердің халықпен қоян-қолтық жұмыс істей алмай қаусап отырғанын көрсетеді.
Ал Қазалыдағы оқиғадан соң ауыл әкімі Ермек Мақанов тағынан түсіп, орнын бұрынғы сақшыға босатып берді. Төбелес жиі болып тұратын ауылға осындай басшы қажет деп шешсе керек, зейнеттегі полицей Жамбыл Қайырханов ауыл әкімі болып тағайындалды.

Есенбек САНАТ, Павлодар
«Алаш айнасы» газеті 17 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608