Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2474 0 пікір 17 Маусым, 2011 сағат 06:49

Арал қаласында инновациялық жоба негізінде тыңайтқыш өндіретін зауыт салынады

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 маусым. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында органикалық тыңайытқыш өндіретін зауыт салынатын болады.

Жаңа өндіріс орны үшін 1 гектар жер бөлінді. Енді таяу күндері зауыттың іргетасын қалау рәсімі де өтеді. Зауыт іске қосылғаннан кейін ол 50 адамды жұмыспен қамтиды. Зауыт шығаратын өнім арқылы биогумус, қара топырақ, сұйық тыңайтқыш, балық жемі - технологиялық құрт көптің игілігіне айналады. Сол сияқты фермерлер мен жеке қожа­лық­тар үшін органикалық тыңайтқыш ре­тінде қолданылатын верми­ком­пост сығындысынан алынған «Жасыл өріс» сұйық органи­калық ты­ңайтқышы ұсы­нылады. Оны бар­лық топырақ түрлеріне және сан алуан да­қылдарға тыңайтқыш қылып се­буге болады. Ол тұ­қымның са­палылығын қа­лып­тастырып, өнімін көбейтеді.

Зауыт жанынан сонымен бір мезгілде жылыжай құрылысы да қолға алынғалы тұр.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2461
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5400
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4677