Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 9701 0 пікір 20 Маусым, 2011 сағат 05:36

Еркебұлан Әлімханұлы. Қазақстан һәм өркениеттер қақтығысы

Сэмюэл Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы ма?" деген мақаласынан және «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік жүйенің қайтадан құрылуы» атты кітабынан кейін әлемдік жүйені және жекелеген елдердің ішкі тіршілігін өркениеттердің арасындағы қарым-қатынасқа қарай отырып бағалау кең етек алды. Біз де осы автордың айтқан ойларына сүйене отырып Қазақстанның «Өркениеттер қақтығысындағы» орнын қарастырып көруді ойладық.

Хантингтонның картасында ірі 9 өркениет аймағы суреттеледі. Егер ондағы өркениеттерді бір-біріне жақындығына қарай топтастыра түссек ірі үш өркениет орға шығады. Олар: Оңтүстік Азиялық, Батыстық және  Ислам өркениеті. Қазақстан осы үш өркениеттің түйіскен жерінде орналасқан. Егер картаға қарасақ бізден басқа мұндай географияда орналасқан тек қана Ресей Федерациясы екенін көреміз.

Біздің өркениеттер шекарасында орналасуымыз бағымыз ба, сорымыз ба? Мұның қорытындысын осы тақырыпқа тереңірек бойлағаннан кейін шығаратын боламыз.

Сэмюэл Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы ма?" деген мақаласынан және «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік жүйенің қайтадан құрылуы» атты кітабынан кейін әлемдік жүйені және жекелеген елдердің ішкі тіршілігін өркениеттердің арасындағы қарым-қатынасқа қарай отырып бағалау кең етек алды. Біз де осы автордың айтқан ойларына сүйене отырып Қазақстанның «Өркениеттер қақтығысындағы» орнын қарастырып көруді ойладық.

Хантингтонның картасында ірі 9 өркениет аймағы суреттеледі. Егер ондағы өркениеттерді бір-біріне жақындығына қарай топтастыра түссек ірі үш өркениет орға шығады. Олар: Оңтүстік Азиялық, Батыстық және  Ислам өркениеті. Қазақстан осы үш өркениеттің түйіскен жерінде орналасқан. Егер картаға қарасақ бізден басқа мұндай географияда орналасқан тек қана Ресей Федерациясы екенін көреміз.

Біздің өркениеттер шекарасында орналасуымыз бағымыз ба, сорымыз ба? Мұның қорытындысын осы тақырыпқа тереңірек бойлағаннан кейін шығаратын боламыз.

Бұл жерде аталған үш өркениетпен бірге жергілікті дәстүрді де ұмытпауымыз керек. Өйткені жекелеген мемлекеттердегі өркениеттер қақтығысында жергілікті мәдениет те үлкен рөл ойнайды. Ал Қазақстан кешегі көшпелілер өркениетінің мұрагері болып табылады. Бізде сақтардың аңдық стилі, қаңлылардың ата-баба әруағына сыйынуы, түрік тайпаларының тәңіршілдігі мен ырым-жырымдары сақталып қалған. Осылардың барлығы жергілікті дәстүрдің өзегін құрап отыр.

Алдымен, «өркениеттер арасындағы қайшылық Қазақстанда ірі қарулы қақтығысқа әкелуі мүмкін бе?»-деген сұрақтың жауабын ашып алайық. Егер мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын, халықтың өркениеттерге қарай бөліну дәрежесін, өркениетердің географиялық аймақтарға қарай емес бүкіл халықтың арасына араласа жайылғанын,  толеранттылықтың Қазақ халқының қанында ежелден бар нәрсе екенін ескеретін болсақ, мұндай қақтығыстың Қазақстанда орын алу ықтималы төмен екенін көреміз (ең болмағанда алдағы 50 жылда). Бірақ кішігірім араздықтар, өзара пікірталастар, түсініспеушіліктер орын алары сөзсіз және мемлекет ішінде мұндай қайшылықтардың болуы барлық елде заңды құбылысқа айналған. Егер билік оларды асқындырмай, дер кезінде тоқтау салып отыратын болса онда мемлекетке келер қауіп жоқ.

Қозғағымыз келіп отырған мәселе де осы кішігірім қайшылықтарды талдай отырып әртүрлі өркениеттердің халыққа ықпалын саралау болып табылады.

ХХ ғасырдың ортасына дейін Қазақстанда Ислам дінін бойына сіңіріп алған жергілікті өркениеттің үстемдік құрғанын көреміз (Қазақ тарихындағы өркениеттер қақтығысына тоқталғымыз келіп отырған жоқ).

Бірақ Ресейдің отарлауынан кейін Батыстық өркениет кең қанат жайды. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көтерілген ұлттық рухпен бірге Батыстық өркениетпен күрес жүрді. Экрандағы ашық-шашықтық, атыс-шабыс, қыздардың қысқа киінуі 2000 жылдары әртүрлі талқылаулар мен пікірталастардың негізін құрады.  Осы қақтығыс барысында Батыстық өркениеттің белгілі бір дәрежеде әлсірегенін көреміз (мұны қазіргі кезеңді осыдан 15 жыл бұрынғы уақытпен салыстырған адам анық көреді). Бұл тартыста жергілікті өркениетке, осы уақытқа дейін халық арасына сіңгенінен бөлек, қарқынды дамып келе жатқан дәстүрлі емес Ислам көмектесті.

Өркениеттер қақтығысының бұдан кейін жаңа сатыға көтерілгенін көреміз. Ендігі жерде кешегі одақтастар арасында қақтығыс шықты. Бұл қақтығыстың басталғаны жақында. Ормал, пәрәнже, әруақ дауларымен бірге бұл қақтығыс тереңдеді және жақын болашақта бұл дау Қазақ қоғамының негізгі пікірталас тақырыбы болатын сияқты. Жергілікті дәстүрге іштартатындар ендігі жерде мини юбкаға қарағанда орамалға көбірек көңіл бөлуде, экрандағы ашықтықты емес дін тақырыбын жіті бақылауда, ішімдікті емес жамағаттар мен тариқаттарды сын садағына алуда. Дәстүрлі емес Исламның дамуы алдағы уақытта жалғасуы тиіс, демек бұл тартыс та өзекті тақырып болып қала береді. Бірақ, ХХІ ғ. ортасына қарай біздың өмірімізге үшінші өркениет кеңірек кіруі тиіс.

ХХІ ғасырдың ортасына қарай мұнайдың таусылуы немесе қосымша энергетика көздерінің кеңірек қолданыла бастауына байланысты оның бағасы аразандауы керек. Сол сәтте Араб әлемінен келіп жатқан қаржы да азаятын болады. Бұл дәстүрлі емес Исламның қайта әлсіреуіне әкеледі, ал оның кейбір нышандары дәстүрмен қайта сіңісіп кетіп, халықтың көзі үйрене бастайды (дәл қазір шалбармен жүрген қыздарға немесе көшедегі масаң адамға көзіміз қалай үйреніп қалған болса). Ал бұл кезде аспан асты мемлекетінің күшеюімен бірге Оңтүстік Шығыс Азиялық өркениет кең жайылатын болады.

Бұл өркениеттің алғашқы нышандарын (Фэн-шуй) қазірден көріп жүрміз. Ертеңгі күні шығыс көршімізде оқитын жастардың көбеюімен, қытайлардың бізге көптеп келуімен, өзара қарым-қатынастың артуымен тсс факторлардың әсерінен бұл өркениетке бүйрек бұратындар саны көбейеді. Мұндайға көзі үйренбеген жергілікті өркениет міндетті түрде қайта қақтығысқа кіретін болады. Қақтығыс тағы да пікірталас пен өзара келіспеушіліктер әрекетінде өрбуі тиіс. Бұл қақтығыс нәтижесінде, қалған екі өркениеттің де көмегіне сүйене отырып жергілікті өркениет жеңетін шығар. Алайда тағы да оның кейбір нышандарын бойына алатын болар...

Егер тарихқа қарасақ, біз ешқашан таза шығыстық халық болмаппыз, өйткені басшымыздың алдына тізерлеп барған кезіміз жоқ, біз ешқашан батыстық та болмадық, өйткені басшымыздың басын шаппадық (қара халық), біз таза Исламшыл да болмадық, өйткені оның бес парызын толық орындамадық. Біз әрқашан әртүрлі өркениеттер түйіскен жерде, олардың кезек-кезек үстемдік құрған географиясында орналасыппыз. Мүмкін осы бір ерекшелік біздің өз дәстүрімізді ішінара сақтап қалуымызға себеп болған шығар. Өйткені салыстырмалы түрде алсақ, басқа халықтарға қарағанда Қазақтарда өз әдет-ғұрпы көбірек сақталған емес пе.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543