Сенбі, 23 Қараша 2024
2446 0 пікір 20 Наурыз, 2019 сағат 15:35

Маңғыстау облысында баспанамен қамту жұмысы 10% өскен

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасы қоғамда үлкен қолдау тапқаны белгілі. Онда әр отбасының баспаналы болуы, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту, жоғары білім алудың қолжетімділігін арттыру, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамту сияқты ел әлеуетіне үлкен серпін беретін бастамалар көтерілген.

Президенттің осы бастамасы өңірлерде үлкен қолдауға ие болып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Маңғыстау облысында биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларының нәтижесіне сәйкес, 282 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Дәл осы көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 10 % өскен. Ал, Елбасының “Нұрлы жер” бағдарламасы негізінде мемлекеттен Маңғыстау облысына 6 млрд. 798 млн.теңге бөлінген. Ал, облыстағы жалдамалы үйлердің құрылысына 2019 жылы мемлекеттің қазынадан 1 млрд.523 млн. теңге бөлінді. Аталған ақша алдағы кезеңде 17,122 мың шаршы метр болатын 304 пәтерге лайықталған тұрғын үй құрылысына жұмсалады. Ал, 2019 жылдың аяғында Маңғыстау өңірінде 160 пәтерге арналған жалдамалы тұрғын үйлердің жұмыстары аяқталмақ. Мәселен, Қарақия ауданы, Құрық елді-мекеніндегі жалпы ауданы 5,135 мың шаршы метр болатын төрт тұрғын үй, 96 пәтер пайдалануға беріледі. Және, Форт-Шевченко қаласындағы 48 және 16 пәтерге арналған нысан қолданысқа берілмек. Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы 19а шағын ауданындағы 144 пәтерге арналған тұрғын үй де 2019 жылы ел игілігіне берілмек. Және, осындай іргелі жұмыстар келер жылы да жалғаспақ. Сондай-ақ, мемлекеттен бөлінген бюджетке қосымша 1 млрд.800 млн. теңгеге 292 пәтерге арналған 5 тұрғын үй құрылысы ұсынылмақ. Олардың қатарында: Форт-Шевченко қаласындағы жалпы ауданы 3,9 мың шаршы метр болатын тұрғын үй бар. Егер аталған ұсыныс мақұлданса, 72 пәтерге арналған сондай-ақ, 16 пәтерге арналған баспана бой көтермек. Екінші ұсынылатын жоба – Жетібай селосындағы 192 тұрғын үй құрылысы және Құрық селосындағы 2 пәтерлі 6 баспана жобасы.

Айта кетейік, мемлекет қазынасынан Ақтау қаласының несиелі тұрғын үй құрылысына 19 а шағын ауданындағы 432 пәтерлік 5 тұрғын үй жобасы ұсынылған болатын. Бірақ, ол жоба қымбат болғандықтан және жергілікті бюджетке көп салмақ түсетіндіктен аталған жер аумағына басқа тұрғын үй жоспарын жобалап, құрылысын бастау жоспарланған. Аталған пәтерлердің жұмысы аяқталса, олар пәтер кезегінде тұрғандар мен “тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшыларына беріледі. Және, “7-20-25” бағдарламасының іске асуына тағы бір үлкен мүмкіндік болмақ.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларына 2 млрд.275 млн.теңге бөлінген. Бұл қаржы былтыр басталған 18, 18 а, 19 а шағын аудандарының құрылыс жұмыстарын аяқтауға жұмсалған. Ал, Елбасының “7-20-25” бағдарламасы негізінде бүгінге дейін 309 өтініш мақұлданған. Және, қазір Ақтау қаласының маңында 36 жер аумағында шамамен 6 мың пәтерге арналған тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Олар да “7-20-25” бағдарламасы негізінде халыққа беріледі. Одан бөлек, облыстық әкімшілік, бюджет саласының өкілдері мен жастарға пәтер алудың жеңіл жолдарын қарастырып жатыр.

Сонымен қатар, өңірде бюджеттік несие беру де қарастырылып жатыр. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін осы мақсатқа 100,0 млн.теңге бөлінетін болады. Бұл қаржы мұғалімдер мен дәрігерлерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұмсалмақ. Сондай-ақ, Елбасының “Жастар жылы” жобасындағы бағыттарды негізге ала отырып, жастарды да баспанамен қамту үшін алғашқы жарнаны төмендету мәселелері қарастырылып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443