Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7007 0 пікір 20 Маусым, 2011 сағат 08:40

Зікіршілер туралы муфтияттың пәтуасы

Бұл пәтуа қазақтың аса ірі ақыны, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы мен атақты әулие Қожа Ахмет Иассауи аттарын жамылған, «Зікір намаздың орнын басады» деп адамдарды мешітке келуден қайтарып жүрген топ турасында.

Бүкіл әлемнің раббысы Алла тағалаға сансыз мақтау, Пайғамбарлардың ең ұлығы, әуелгілер мен соңғылардың мырзасы, адамдарға  тендесіз дін-шариғатты үйреткен Мұхаммед пайғамбарымызға және оның отбасы мен сахабаларға салауат пен есендік болсын.

Қазіргі дәуірде көп топтар бой көрсете бастады. Білімсіз пәтуә беріп өздерімен қоса өзге адамдарды да адастыруда. Ал пәтуәны беретін өз маманы бар.

Мысалы Қожа Ахмет Иассауи сынды әулиелер мен Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ұлық кісілердің жолындамыз деген топ шықты. Ұлыларымыздың ұстанымы олардан бөлек. Ал ол топ дүниелік мақсатқа қол жеткізу үшін ғұламаларымыздың есімін жабу ретінде қолданып жүр.

Алла Тағала мансапқорларға былай дейді: « (Ей, Мұхаммед!) Оларға айтып қой: «Дүниенің пайдасы аз. Алладан қорқатындар (тақуалар) үшін ақырет қайырлы. Сендерге онда титтей де нақақтық істелінбейді»  (Қасиетті Құран Кәрім, Ниса сүресі 77-аят)

Сондай-ақ, олар Алла Тағала Құран Кәрімде бес уақыт намазды парыз етпеген. Сондықтан намазды оқымай-ақ орнына зікір салуға болады деген сияқты сөздермен адамдарды мешітке келіп намаз оқудан қайтарып жүр. Бұнысы қалай?

Бұл пәтуа қазақтың аса ірі ақыны, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы мен атақты әулие Қожа Ахмет Иассауи аттарын жамылған, «Зікір намаздың орнын басады» деп адамдарды мешітке келуден қайтарып жүрген топ турасында.

Бүкіл әлемнің раббысы Алла тағалаға сансыз мақтау, Пайғамбарлардың ең ұлығы, әуелгілер мен соңғылардың мырзасы, адамдарға  тендесіз дін-шариғатты үйреткен Мұхаммед пайғамбарымызға және оның отбасы мен сахабаларға салауат пен есендік болсын.

Қазіргі дәуірде көп топтар бой көрсете бастады. Білімсіз пәтуә беріп өздерімен қоса өзге адамдарды да адастыруда. Ал пәтуәны беретін өз маманы бар.

Мысалы Қожа Ахмет Иассауи сынды әулиелер мен Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ұлық кісілердің жолындамыз деген топ шықты. Ұлыларымыздың ұстанымы олардан бөлек. Ал ол топ дүниелік мақсатқа қол жеткізу үшін ғұламаларымыздың есімін жабу ретінде қолданып жүр.

Алла Тағала мансапқорларға былай дейді: « (Ей, Мұхаммед!) Оларға айтып қой: «Дүниенің пайдасы аз. Алладан қорқатындар (тақуалар) үшін ақырет қайырлы. Сендерге онда титтей де нақақтық істелінбейді»  (Қасиетті Құран Кәрім, Ниса сүресі 77-аят)

Сондай-ақ, олар Алла Тағала Құран Кәрімде бес уақыт намазды парыз етпеген. Сондықтан намазды оқымай-ақ орнына зікір салуға болады деген сияқты сөздермен адамдарды мешітке келіп намаз оқудан қайтарып жүр. Бұнысы қалай?

Бұған жауап берер болсақ (Туралық пен дұрыстықты лайығымен білуші Алла):

Алла Тағала мұсылмандарға бір күнде бес уақыт намаз оқуды парыз етті. Қасиетті Құран Кәрімде былай делінген: «Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер. Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық» (Рум сүресі-17-18 аят). Екі Имамнын -Жалалуддин әс-Суюти мен Жалалалуддин әл-Маһалли- Құран Кәрімге жазған тәпсірлерінде аяттағы «Пәктеңдер» сөзіне «намаз» деп, «түнеген мезгілде» дегенге ақшам мен құптан намаздарының, «әрі таң атқан уақытта» деген сөзге таңғы намаздың оқылатын уақыттары деп түсінік берген. «Көктер мен жерде мақтау Аллаға лайық» деген сөзге аспандағылар мен жердегілердің мақтауы Аллаға тән, «Кешкі және түскі уақытқа кіргенде» деген сөзге екінті және бесін намазының уақыты делінген. Жоғарыдағы аят  бес уақыт намазды қамтыған. Және онда басқа ғибадаттар емес, намаз ерекше аталып өткен. Өйткені намаз діннің тірегі. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.)былай дейді: «Намаз діннің тірегі. Кім намазды оқыса дінін тіктегені. Кім оны оқымаса дінін бұзғаны».

Осы намаз уақыттары Құран Кәрімнің Ниса сүресі 103 -аятында Алла Тағаланың айтқаныдай: «Намаз мүминдерге белгілі уақытта парыз етілді.»  яғни, намаз уақыттары Құран Кәрімнің бекітуімен тағайындалды.

Шынында, Алла Тағала Құраннын бірнеше жерінде намаз уақыттарын айтып кеткен. Алла Тағала былай дейді: « Күндіздің екі жағында , түннің күндізге таяу кезінде, намаз оқы. Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл түсінушілер үшін бір насихат.»  (Һуд сүресі-114 аят). Имам Хасан (р.а), «Күндіздің екі жағында» деген жерін Таң және Екінті намазы, ал «түннің күндізге таяу кезінде» дегенді ақшам, құптан намаздары деп тәпсірлеген.

Және де Исра сүресі 78-аятта: «Түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы. Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз таң намазына періштелер де қатынасады» денілген. «Түс қиғаннан» яғни түс ауғанда, ол кезде бесін намазы оқылады. «Түннің қараңғылығына дейін» яғни қараңғы болғанға дейін. Бұл уақытта екінті мен ақшам және құптан намаздары уақыттары кіреді. Аят соңында «Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз таң намазына періштелерде қатынасады» яғни күндізгі періштелері мен түнгі періштелер қатынасады.

Таһа сүресі 13-аятта Алла Тағала былай дейді: «Күн шығудан бұрында, батудан бұрында Раббыңды мақтай пәкте. Кеш мезгілдерінде және күндіздің айналасында да пәкте. Мүмкін ризалыққа бөленерсің». «Күн шығудан бұрын» яғни таң намазы. «Батудан бұрын» яғни екінті намазы.  Бұнымен қатар Бұхари және Мүслим (р.а) сахихтерінде Жабир бин Абдуллаһ әл-Бажли былай дейді:

«БізПайғамбарымыздың жанында отыр едік. Ол толған айға қарап: «сендер Раббыларыңды мына айды көріп тұрғандай көресіңдер. Оны көргенде ренжімейсіңдер. Шамаларың келсе, күн шығудан бүрында, батудан бұрын да  намазды қаза етпеңдер. Оқыңдар.» артынан:Күн шығудан бұрын да, батудан бұрында Раббыңды мақтай пәкте- деген аятты оқыды.»  Осы да Құрандағы намаз уақыттарына нұсқап отыр.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде айтылған намаз уақыттары:

Абдулла бин Омардан (р.а): «Расулулла (с.а.у.): бесін уақыты күн талтүстен ауып, екінті уақытысы кірмей кісінің көлеңкесі өзінің бойына дейін болғанда. Екінті уақыты күн сарғаймай, ақшам уақыты шапақ кеткенше, құптан уақыты түннің жарымына дейін. Таң намазының уақыты таң атқаннан күн шыққанша. Егер күн шықса, намазды тоқтатыңдар. Өйткені ол шайтанның екі мүйзінің арасынан шығады.» делінген. (Мүслим)

Жабир бин Абдулла (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымызға Жәбрейл (а.с.) келіп: «Орныңнан тұрда намаз оқы!» деді. Сол кезде күн түстен ауғанда бесінді оқыды. Кейін екінті уақыты кіргенде ол келіп: «Тұр да намаз оқы!» деді. Пайғамбарымыз әр заттын көленкісінің бойы өзіндей болғанда екінті намазын оқыды.Кейін ақшам да келді. Періште: «Тұр намазыңды оқы» деді. Аспанда күн шапағы кеткенде  «Тұр намазыңды оқы» дегенде Пайғамбарымыз (с.а.у.)  құптан намазын оқыды. Кейін таң атқан сәтте келіп: «Таң намазын оқы» деді. Сосын ертесі күнгі бесінде  «Тұрып намазыңды оқы» деді періште. Ол (а.с) бесін намазын әр дененің көлеңкесі өз бойындай бола бастағанда оқыды. Кейін екінтіге келіп:»Тұрда намазыңда оқы» дегенде пайғамбарымыз екінтіні әр заттың бойының көлеңкесі өзінің бойынан екі есе ұзағанда оқыды. Кейін ақшамға бұрынғы күнгі уақытта келді. Кейін түннің жарымында не үштен бірінде  құптан намазы кірді. Құптанды оқыды. Күн жақсылап қылан бергенде Періште «Тұр намаз оқы» деді. Пайғамбарымыз бамдат намазын оқыды. Кейін періште: Осы екі уақыт арасында уақыт жоқ.- деді.  (Ахмед, Нисаи, және Тирмизи р.а. ривауат еткен.) Имам Бұхари : «Ол намаз уақытысының ең турасы.» Жәбраил періштенің имамдығын айтып отыр.

Ал енді жоғарыда айтып кеткен топтардың адамдарды мешітке барудан тиып жүргендеріне тоқталар болсақ Алла Тағала былай дейді: «Алланың мешіттерінде Оның аты зікір етілуіне тиым салғаннан әрі мешітті бұзуға тырысқаннан кім залым? Олардың мешітке қорыққан түрде ғана кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде қорлық, ахиретте зор азап бар.» (Бақара сүресі 114-аят) .  Бұл аят Татус бин Иясанус әр-Руми және оның жолдастары жайында түскен. Олар Бәни Исраил әулетімен соғысып, олардың жауынгерлерін өлтіреді. әйел-балашағаларын құлдыққа айдап кетеді.Таурат кітабын өртеп, Бәйт әл-Мақдисті жермен жексен етеді. Үңгір қазып, өліктерді соған тастайды. Оның ішіне доңыздарды сояды. Сөйтіп ол жер Омар бин Хаттабтың (р.а.) заманында мұсылмандар барып қайта тұрғызғанға дейін қараусыз қалады. Ата бин Аббастың (р.а.) риуаят етуіне қарағанда  бұл аят: араб мұшріктері жөнінде түскен. Олар Харам мешітіне барудан, ол жерде болуға кедергі жасайтын еді. Аяттың мағынасы барлық мешітке баруға кедергі жасайтындарды қамтиды. Ол мұсылман бола ма, кәпір бола ма бәрі бір. Олар үшін дүниеде қорлық, ахиретте зор азап бар.

(Рухул мағани фи тафсирил Құранил-Азым. Уа әс-сабғи алмасани. 343 бет.)

Аяттың мағынасы: намаз оқу және басқа да құлшылықтарды орындау үшін мешіттерге барудан кедергі жасаған адамнан артық залым және күнәһар жоқ. Бұл үкім  осы әркетті жасаған барлық адамды қамтиды. Олар піл иелері сияқты және Пайғамбарымызды Меккеге кіруден тосқан құрайш іспеттес, Бәйт әл-Мақдисті қиратқан христиандар т.б. залымдар іспетті. Адамдарды мешітке барудан тиғандар Алла және пайғамбарымызбен соғысушылар. Егер олар тәубе етпесе, дүниеде әрі ахиретте азапқа дұшар болатындығы хақ.

Сопылық

Сопылық - Исламда жок діни-саяси қозғалыс. Сопылықты уағыздайтын тәлімді «тасаууф» деп атайды.Алғашқыда нәпсі тәрбиесіне ұмтылған сопылардың көбі кейіндеу тақлид (яғни, бұрынғылар ұстанған Құран мен суннет) жолымен емес, бірте-бірте өздерін үнді, парсы, грек сияқты християндық аңыз-әфсана араласқан философия арқылы тәрбиелеуге, Алланы тануға ұмтылып, соның салдарынан ислам шариғатынан ауытқыды.

Әбу әл-Қасим әл-Жунайд ирақтық белгілі ғалым әл-Харис әл-Мухасабийден: «Аллаға жақындық немесе тақуалық мақсатымен шариғи амалдарды орындамайтын сопылар туралы сұрады. Ол: «Шариғат амалдарын орындамауға болады деушіден, ұрлық, тіпті зина жасаған адам артық»,- деп жауап беріпті.

Ирақтық Әбу Иазид әл-Бастамий әкесі заратустра дінін ұстанғанымен яғни, отқа табынғанымен өзі исламды қабылдап, тақуалығымен әйгілі ғалым болған. Бірде ол бір әулие саналған кісіні зиярат етіп барғанда, ол әулиенің қыблаға қарай түкіріп отырғанын көреді де оған сәлем де бермей кері қайтады. Сонда одан мұның себебін сұрағанда сопы әл-Бастамий: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әдебін ұстай алмаған адам өзін қалай тақуа санайды?!»,-деген екен.

Ирақтағы Уасит елді мекенінде туып өскен Әбу Муғис бин Хусайн ал-Халлаж (244-309 һ) атасы заратустра дінінде болғанмен кезінде сопылардың ең атақтыларының бірі болды. Оған төмендегі төрт кінә тағылып өлімге кесілді.

Исламдағы бұзық Карамиттер ағымымен байланысы бар;

Өзін (әнәл-Хақ) яғни мен де Алламын деген;

Ізбасарлары оны тәңірлікке көтерген;

Қажылықты бес парыздың бірі деп санамаған.

Ирандық Шихаб әд-Дин - Сухрауардия тариқатының негізін қалады. «Хикмат ал-Ишрақ», «Хаякил ан-Нур», «Талуихат Аршия», «Мақамат» кітаптарының авторы. Өзі негізін салған ағымды зарастризммен (отқа табынушылық) шатастырып алған ол Салахидиннің бұйрығымен өлімге кесілді.Сопылық мектептері:

Зухд мектебі: бұл мектептің өкілдері Рабия ал-Адауия, Ибрахим бин Адхам, Суфиян ас-Саурий.

Кашф және мағрифат мектебі: бұл мектептің идеологиясы бойынша ақыл жалғыз өзі Алланы тануға және болмыстың ақиқаттарын жете білуге жеткіліксіз. Пенде рухани дамуы арқылы жүрегінің жанары ашылып, ақиқатты бүркеп тұрған пендешілігі ашылады дейді. Бұл мектептің негізін салушы имам Әбу Хамид әл-Ғаззалий.

Уахдатул-ужуд мектебі: бұл мектептің негізін салушы Мухиддин бин ал-Арабий. Оның соңғы ізбасарларының бірі Жамал әд-Дин әл-Ауғаний бұл мектептің негізгі ұстанымы: «Алла барлық нәрседе, Ол барлық нәрсе. Сондықтан бұл әлемдегі барлық нәрсе қасиеттеуге және ұлықтауға лайық» деп санайды. Ибн ал-Арабий «ақиқатшылар айтқандай бұл болмыста Алладан өзге нәрсе жоқ, біздің бар болуымыз Алланың қалауымен, бұл ғаламда тіршілік иесінің барлығы тек Оның тіршілігі себепті, болмысы тек Ол, тек қана Ол бар оған тең нәрсе жоқ. Онымен қоса басқа да бір тіршілік не ұқсас нәрсе бар деу дұрыс емес» дейді.

Ит-тихад және Хулул мектебі: негізін салушы ал-Халлаж. Бұл мектептің идеологиясына үнді және христиан сопылығы әсер еткен. Олардың сенімінде «сопының бойына Алла еніп сопы Жаратқанмен бір материя болады» дейді олардың сөздерінің бірі «Әнә әл-Хақ» яғни (Мен Аллаһпын) және «ма фи жубба илла Аллаһ» яғни, «бұл киімнің ішінде тек Аллаһ бар өздері жайлы осылай айтады. Бұған қоса өздері пайдаланатын шараптарын ішкенде айтқан сұм сөздері тағы бар.

Сопылықтың адасулары:

Сопылардың кейбіреулері аруақтарға сыйынса, біреулері сиқыр және сәуегөйлік жолына түсті. Кесене тұрғызуға, әулиелердің қабірлерін көтеруге және оларды зиярат етуге, зиярат ету барысында сипау секілді Құранда ешбір мәлімет жоқ жайттарды істеп, бидғат жолына түсті.

Кейбіреулері әулиелер құлшылық етпесе де болады, өйткені олар белгілі мақамға жеткенде ғибадатқа мұқтаждық қалмайды дейді. Себебі ол (әулие) шариғи міндеттермен айналысса жүрегіндегі құзырды жоғалтып алады деп айтады. Ғазалиден: Ғурур-көкіректігі тасып, менменсіп кеткен адамдарды сынап, оларды мына түрлерге бөлген: 1.киімімен, көрінісімен, сөзімен алданушылар. 2. Білеміз, Хақты көреміз, мәртебеміз жоғары деп даулаушылар. 3. Халал мен харамды ажыратпайтын, шариғатты аяқ асты етушілер.

Олардың кейбіреулері  амал жасаудың ешбір салмағы жоқ. Негізгі мәселе жүректе, біздің жүрегіміздегі Аллаға деген махаббат Аллаға деген танымдылыққа жетелейді. Қолымыз дүниеге батқанымен жүрегіміз Аллада, сондай-ақ, біздің сыртымыз шахуатпен болғанымен жүрегімізде оның әсері жоқ. Сопылар пірлеріне «Ғаус және Ғияс» деген, қазақшасы «Құтқарушы, көмекші», сөзді қолданады.

Әрбір тариқаттың өзінің айтатын зікірі бар. Мысалы: Нақшибандия тариқатында «Алла» деген сөз, Шазилияда «Лә илаха илла Алла» сөзі, мұнан басқа, истиғфар және пайғамбарымызға салауат айту да қосылған. Кейбіреулері зікірге қатты кірісіп кеткен кездерінде тек «Хуа, хуа» деп те айтады. Сондай-ақ, кейбір тариқат «зікір жаһрия»-дауыстап айтылатын зікірді қабылдаса, кейбірі «зікір махфия» - «іштен айтатын зікірді», кейбірі мүлдем шариғатта көрсетілмеген зікірдің түрін қабылдайды,айкын далел-Исматуллашылар.сопылардың «хулул және иттихад» - «Алланың келуі мен пендемен бірігуі» сеніміне бет алып кетуі, тариқат жолы денені қинаудан тұрады деуі сияқты исламға жат амалдары да көп, ал ондай амалдар сопылыққа үнділерден, грек философиясынан, христиандықтан енген.

Әй мұсылман жұртшылық  осы Алланың үкімі. Адамдардың мешітке баруына кедергі жасамаңдар! Алланың ашуынан қорқыңдар.  Көк пен жерде Оғаң ештеңе жасырын емес. Аятта айтылғандай ақыреттің ең ауыр азабымен азаптанудан алдын және дүниеде қорлық жетпей тұрып Аллаға тәубе етіңдер. Құрметті мұсылман бауырлар! Біліп қойыңдар қандай тариқат болмасын ұлық шариғатымызға қарсы болса онда ол - анық адасу. Ақиқат сырларына тек қана Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көрсетуімен құрылған амалдарды бекем етумен ғана жету мүмкін болады. Себебі, не Құран Кәрімде не хадис шарипте көрсетілмеген әрқандай іс-әрекет ол - күпірлік. Өткен әулиелердің жолында жүрмін деген адамға сахих жолды ұстануы, бидғат істер жасамауы уәжіп болады. Ал адамдық әлсіздігін мойындамай,  ұлық шариғатымызға теріс істерімен тариқат сырларына жеткендігін дауласа қателесіпті. Ол кісі енді қайта иман келтірмейінше, тәубелерді қабыл етуші, рақымды Алла тағала оның тәубесін қабыл етпейінше бақи дүниеге кеткенше яғни көз жұмғанша жер бетінде адасушылық батпағына батып, пендешілікке салынып, шайтандардың арбауында болады. Кәміл мұсылманға пайғамбарымыздың жолымен және сахаба табиғи жолымен жүру керек.  Ол жол дүниеқорлықтан ұзақ, әдептілікті толықтыру, жүректің тазалығы, емі, жарақаттардың емі, терістікті жою т.б. ариф (көкірек көзі ояу) адамдардың жолдары. Осы жол - Аллаға және ахиретке бастайды. Осы жол Алланы танушылардың және Оған жөнелушілердің жолы. Мұсылманға түскен міндет осыларға көңіл аудару аудару.  Алланың қасында жаратылыстардың ең ұлығы - ең тақуалары. Алла Тағала былай дейді: «Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың ең тақуаларың.» (Хужурат-12 аят)Сүйенішім де, арқа сүйерімде Ұлы Алла.

www.muftyat.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527