Сенбі, 23 Қараша 2024
3883 0 пікір 17 Наурыз, 2019 сағат 16:34

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» - халықтар татулығының кепілі

Елбасының бастамашылығымен құрылып, ұзақ жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Қазақстан халқы Ассамблеясының» ел өмірінде алар өз орны бар. Бүгінде конституциялық орган деп мойындалатын Ассамблеядан ел Парламентіне депутаттар сайланып жүр. 2016 жылғы 20 наурыздан кейінгі Парламент сайлауының нәтижесінде бұларға мәжілістен тоғыз мандат бұйырған. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» Парламент қабырғасында өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, өзбеттерінше де елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы үшін, Қазақстан халықтарының достығы жолында қал-қадірінше халыққа пайдасын тигізіп келеді. Тіпті бұл ұйымды еліміздегі көп этностардың басын біріктіріп, ел халқының ынтымағын жарастырып оытрған татулық ордасы деуге негіз бар. Енді сөзіміз дәлелді болу үшін Ассамблея қолға алған бірқатар іс-шараларға тоқталайық.

Ерекше айта кетерлігі, биыл ақпан айынан бастап Мемлекет басшысының Өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ассамблея тізгінін ірі басшылық қызметтерде ұзақ уақыт өнімді қызмет атқарған Жансейіт Қансейітұлының ұстауымен, ұйым жұмысы бұрынғыдан да жандана түсті.

Атап айтар болсақ, жақында Жансейіт Түймебаев Алматы қаласында Қазақстан корейлері қауымдастығының белсенділерімен кездесті. Ерекше айта кетерлгі, ҚХА Төрағасының орынбасарымен кездесуге Қазақстан корейлері қауымдастығының өкілдері барынша қызығушылық танытты. Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының шығармашылық ұжымымен кездескен Түймебаев аталған театр әртистері дайындаған, наурыз мерекесіне арналған қойылымды тамашалады.

Қазақстан көпұлтты мемлекет. Әрі елімізде өмір сүріп отырған 130 ұлт өкілдері өзара татулығымен әлемді тамсандырып отыр. Шынын айту керек, бұл тұрғыда әлемдік аренадағы ірі елдердің өзі бізге қызыға қарайтын жағдайды. Қонақтар Қазақстан кәрістері қауымдастығының 15 жылдығына орайластырып салынған мәдени орталықтың тарихымен танысу барысында еліміздегі корей ұлтының Қазақстан сынды мәңгілік елдің мәңгілік бөлшегіне айналғанына көздері жетті.

Бұл ойымызды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Түймебавтің сөздері нақтылай түсті. Ол өз сөзінде корей этносы Қазақстан халқының ажырамас бөлі екенін атап көрсетті. Әрі көрей этносының біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына өз деңгейіне лайықты үлес қосып отырғанын қайталап еске салды. Сонымен қатар, этносқа қоғамдық сананы жаңғырту үдерісіне тарту, Жастар жылын өткізуге қатысу, жастар стартаптарын қолдау және жаңа әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыру бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Біз сөз етіп отырған ұйым Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде ортаға қойған аз қамтылған отбыларға көмекті көбейту тапсырмасына да үн қосып отыр. Атап айтсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл ақпан айының соңынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды көздеген жобаларды жандандыруда. Мәселен бес жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында «шашу» республикалық қайырымдылық акциясын жоғары деңгейге көтеруді көздеп отыр. Бұнда елдегі аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу басты мақсат болмақ. Ерекше айта кетерлігі, бұндай қайылымдылық шаралары жылдың əр айында «қамқор», «тоқымқағар», «ерулік», «жылу», «көрімдік», «бата», «бес жақсы», «кəде» деген қазақтың дəстүрлеріне негізделген атаулармен ұйымдастырылмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5509