Әуелхан Шонжан. Оралман бөтен емес, өз адамымыз
Күні кеше Қазақ елінде Маңғыстау мұнайшыларын алғашқы болып ОҚО-дағы қоғамдық ұйымдар, саналы азаматтардың қатысуымен қолдау ретінде пресс-конференция болып өтті. Есепсіз келген азаматтардың арасында жұпыны киінген 3-4 адам бөлектеу тұрған болатын. Ол кісілерге жақындап танысқанымда өздерін осы облыстың Сайрам ауданының тұрғындары екендігін біліп сөзге тарттым.
- Біздің өз жағдаймыз оңып тұрмаса да аштықта жатқан ағайындардың жан-күйзелістерін бөлісуге келдік»,- деді өзін Сахов Қалдыбек деп таныстырған азамат.
- Біздің де мына билікке өкпеміз қара қазандай. Елім, жерім деп келгенде далада қалғандай болдық. Біздер сыртта жүріп, мұндағы шенеуіктер мұншалықты қатыгез болады деп ойламаппыз. Мұншалықты парақор деп ойламаппыз. Өзбекстанда жүргенде ондағы өзбектерден кемсітушілікті есітпеген басымыз енді келіп осындағы өзбектерден есіткеніміз жанға батып отырғаны»,- деді 60-тан асқан қария .
- Ау, қария, байқаңыз, мұнда ұлтараздық қатынасқа абай болу керек, сондай заң...

- Атасына нәлет ондай заңының, заң бар болса сол заң бізді неге қорғамайды, неге біздерді санатқа қоспайды? Анау ілгеріде осы ауданда әкім болып жұмыс жасаған Қ. Айтаханов деген азамат біздерге деп 15 га жер бөліп берген, ол аздық еткен соң онан кейінгі әкім Ө. Әметұлы 42 га жер қосқан. Енді келіп қазіргі ауыл әкімі сол жерлерге ие болып, оралмандарға емес, кім болса содан пара алып көрінгенге үлестіріп жіберді. Сырттан келген оралмандарды бірінің үстіне бірін отырғызып қойды. Керек болса біздердің жерімізді тартып алып жатыр. Қазіргі уақытта сол жерлерге сенім артып келген 130 жанұя далада қалды. Біреулеріміздің бұрынғы жерге деп алған шешімдерімізді жоққа шығарып, ол жерлерді баса-көктеп тартып алып басқа біреулерге сатуда. «Қаратөбе» ауылдық әкімінің орынбасары ұлты өзбек Сабиров Нуриддінге иек артып, тіпті біздерді осындағы жергілікті өзбектер сыбауға көшті. «Кім сендерді шақырған, неге келдіңдер мұнда» деген өзбектердің балағатын да есіттік айналайын», деді көзі жасаурап әлгі қария.
Бұл қарияның сөзін ары қарай жалғастырған Орынбай Кенжеев деген азамат:
«Бұл кісінің айтып отырғандарының бәрі де рас. Біздер отырған жердің жартысы Шымкент қаласына қарайды да, жартысы Сайрам ауданына қарайды. Бұрындары ауылымыздың аты «Шаңырақ» деп аталатын. Қазір бұл киелі сөздің атын өшіріп те жіберді. Біздер ауыл әкімі Құрманбековке барсақ, «мен білмеймін, Сабировке барыңдар» деп қуып шығады. Ал Сабировтың тірлігі анау, жермен сауда жасайды. Осы «оралман» деген сөздің өзі сол көкіректі өртейді екен. Шырағым-ау, біз қайтып өніп-өсеміз, қалайша қазақтың саны көбейеді», дейді.
Қайтесің, заңға қарап ұлтараздық осындай қақтығысты аузыңа алғың келмейді. Алайда, азаматтардың жанайқайына қарамасаң тағы да болмайды. Олар да осы қоғамның толыққанды мүшелері. Олар да заң алдында басқалармен бірдей. Оралмандар бөтен адам емес, оралмандар өз адамымыз.
Шымкент қаласы
«Абай-ақпарат»