Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2317 0 пікір 21 Маусым, 2011 сағат 06:25

Серік Жолдасбай. Иран басшысын тиран етіп көрсету кімге керек?

Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға арнайы сапармен Иран Ислам Республикасының Президенті  Махмұд Ахмадинежад келгені белгілі. Бір қызығы ол бұған дейін Ташкентте өткен ШЫҰ саммитіне қатысудан бас тартқан екен. Ал 2009 жылғы саммиттің ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланған Ахмадинежадтың Екатеринбург қаласындағы сапары елдегі жағдайларға байланысты екінші күні жалғасады. Осындай тосын мінезімен таныс парсы патшасы бұл жолы да жүрісінен жаңылмады. Ол әлемдегі саяси ахуалдың өзекті мәселелеріне қатысты жиырмадан астам тек қана риторикалық сұрақтардан тұратын баяндамасын оқыды.

Біз Ахмадинежадтың аталмыш жиырма сауалына жеке-жеке тоқталуды мақсат еткен жоқпыз. Керісінше, Иран президенті туралы аз кем әңгіме өрбітсек...

2005 жылы сайлаушылардың 62 пайыз дауысымен Иран Ислам Республикасының президенттігіне  Махмұд Ахмединежад келгенде  ол туралы БАҚ жағымсыз пікір қалыптастырған болатын. Ә дегеннен-ақ ақпараттық шабуылдың астында қалған парсы патшасын батыс ақпарат құралдары әлі күнге дейін «керітартпа бағыттағы» басшы ретінде көрсетуге тырысып бағуда. Ал шын мәнінде Махмұд Ахмединежад «керітартпа бағыттағы» басшы ма, әлде «халық сөзін» сөйлеуші президент пе?

1979 жылғы Ислам революциясынан кейін Иран мемлекеті монархиялық басқару жүйесінен біржолата бас тартты. Әйтсе де одан кейінгі он жылғы уақыт халықты ара-тұра көтерілістерге шығуына мәжбүр етпей қоймады. Есесіне, Ислам революциясы ирандықтарға толық тәуелсіздік әкелді. Мәселен, ілгеріде АҚШ азаматтары визасыз кез келген уақытта  Иран еліне кіріп мұнайын иемденсе, 1979 жылдан бастап американдықтардың тайраңдауы сап тиылды. Бұған дейін шахтық-монархиялық басқарудың ықпалында болған парсылар ендігі уақытта 4 жылдан екі рет қана сайлану құқығына ие президенттік билікке ауысты. Негізі, халықтың қолдауы басым болса, үшінші қайтара сайлауға түсуге құқы бар. Әйтсе де бұған дейінгі президенттердің ішінде үшінші рет ел басқару бақыты ешқайсысына бұйырмаған. Ал 2009 жылғы дода да жеңіске жеткен Махмұд Ахмединежадтың үшінші рет сайлауға түсу түспеуі неғайбыл. Өйткені сыртқы күш Мір-Хүсейн Мусави бастаған оппозиция өкілдерінің қолтығына су бүркіп отырғаны белгілі.

Өзін әлемнің қамқоршысы санайтын Батыс елдері, оның ішінде АҚШ пен Израильдің мұсылман мемлекеттеріне қырын қарайтыны айтпаса да түсінікті. Ал аталмыш мемлекеттердің жымысқы саясатына он мың жылдық тарихы бар ирандықтар айтарлықтай қарсылық танытуда. Даудың басы әрине ядролық қаруға келіп тіреледі. Бүгін де ядролық қару АҚШ пен Израильде, Ресеймен Солтүстік Корея сынды бірқатар елдерде бар. Әйтсе де, Иран басшысы ядролық бағдарламаны іске асырып, қолға ала бастаса, тиран болып шыға келе ме? Батыс нұсқаған демокртияның дегенімен жүруді қаламайтын Махмұд Ахмединежадтың радикалдық бағытта әрекет етіп жатқанын жақтырмайтындар бар. Дегенмен де, ол жайдақтыққа жол бермей қатқылдау саясат ұстануға бір жағы мәжбүр. Өйткені сыртқы күш белгілі тұлғаны немесе спортшылар мен әншілерді өздеріне тарту арқылы құйтырқы саясатын жүргізуде. Негізі АҚШ Иранның әлсіз жерлерін дөп басып, «адам құқықтары бұзылды» деген желеумен титықтатуда.

Сарапшылардың пікірінше Иран мемлекеті бүгінде экономикалық және саяси жағдайда өте қиын күндерді бастан өткеріп отыр. Иранға қарсы жасалған экономикалық санкциялар артқан сайын, АҚШ пен арадағы теке-тірес соғыс отының тұтануына себепші болуы бек мүмкін дейді сарапшылар. Иранға қазіргі кезде Қытай мен Жапония, Малайзия мен Сингапур сияқты бірқатар мемлекеттер қарайласуда.  Ал шын мәнінде Иранда ядролық қару бар ма? Ол туралы ирантанушы Жәмилия ҚАМБАРБЕКОВА: «Иранда қарудың бірнеше түрі бар. Бірақ АҚШ пен Батыс елдері аттандайтындай дүниені қырып-жоятын қару жоқ. Ал атом электр станциясын салу индустриалдық Иран үшін өте маңызды. Оны кез келген елдің салуға қақысы бар. Ал ядролық қару жасауға Иран Республикасының мүмкіндігі жетпейді. Өйткені қазір олар қысымда отыр. Соған қарамастан Махмұд Ахмединежад мойымай әрекет етуде», - дей келе, - Батыс елдері Иранда жеке басқа табынушылық бар сияқты етіп көрсетеді. Бірақ оның барлығы жалған. Онда демократия жақсы дамыған. Мәселен ирандықтар өз көсемдері Аятолла әли Хаменей мен Махмұд Ахмединежадты жақсы сынап, тіпті әзілдей де береді, - деген пікір білдірді. Ал алғаш тәуелсіздік алған жылдары Ираннан Қазақ  еліне көшіп келген шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей болса, мұның астарында батыстың құйтырқы саясаты жатқанын айтады. Ол «Ахмединежадтың ұстанып отырған саясаты өз халқы үшін тиімді болғанымен, АҚШ пен Батыс елдері үшін тиімсіз болып отыр», - дейді.

Махмұд Ахмединежад 2005 жылы үкіметті "таза Ислам мәдениетін" ұстанатын азаматтардан құратынын айта келе: «Мен еліміздің тәуелсіздігін, ұлттық мүддемізді, Исламның мәдениеті мен ережелерін қорғау үшін халыққа қызмет етемін. Менің міндетім Иран азаматтарының құқықтарын қорғау болып табылады," - деген болатын. Қазіргі Иран басшысының ерекшелігі алдыңғы президенттерден жасының кішілігінде болса керек. Оның оң әсері бүгінде байқалуда. Қазіргі кезде Ахмединежад кеңесшілері, сондай-ақ, министрлер мен т.б. лауазымды қызметкерлер жастар болып табылады. Бүгінде халқының саны - 71 миллион 208 мың, мемлекеттегі халық санын өсіру үшін екі әйел алушылықты заңдастырып, жаңадан дүниеге келген әр балаға 780 еуро сыйақы тағайындап отыр. Тіпті Ахмединежад алдағы уақытта парсылардың санын 120 миллионға жеткізуді жоспарлап отыр. Ол: «Біз халқымыздың санын 120 миллионға жеткізсек, ең беделді әрі ықпалды елдердің бірі боламыз», - деп иран халқына үндеу жолдады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525