Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2613 0 пікір 22 Маусым, 2011 сағат 07:12

Жәнiбек Қожық. Су тасыса, бөгерсiң, Халық толқыса, не дерсiң?

Маңғыстау мұнайшыларының ереуiлге шыққанына бiр айдан аса уақыт өттi. Компания қожайындары мен мұнайшылар арасындағы текетiрестiң әзiрге тоқтайтын түрi көрiнбейдi.  "Ерсай" Каспиан контрактор, "Өзенмұнайгаз" ӨФ, "Қаражанбасмұнай" АҚ мекемелерiнен қазiрге дейiн 500-ден аса адам жұмыстан шығарылды, 100-ден аса мұнайшы әкiм­шiлiк жазаға кесiлдi. 70-ке жуық жұмысшы бiр­неше тәулiк абақтыға жатып шық­ты.

Мұнайшылардың заңгерi Н.Соколова әлi түрмеде жатыр. Полициға наразылық ретiнде өз-өзiне қол жұмсаған Қ.Сисембаев ауруханадан үйiне шығарылды. Қазiр оны да полиция тергеуге алуда. Жаңа­өзендiк мұнайшы Жак Ами­новтiң үстiнен қылмыстық iс қозғалып, тергеу амалдары жүруде. Ал мұ­най­шы­лардың қойып жатқан талаптарының бiреуi де орындалған жоқ. Халықты осындай жағдайға жет­кiзген өндiрiс басшылары мен жергiлiктi билiк өкiл­дерiне ешқандай шара қол­да­нылылар емес. Олар сүт­тен ақ, судан таза болып, барлық жауапкер­шi­лiктен жалтарып, Ақордаға бiр жақты мәлiметтер бе­рiп, барлық кiнәнi қарапа­йым жұмысшылар мен мұнайшылардың үстiне үйiп-төгуде.

Маңғыстаудың жергi­лiктi халқы билiктiң әдiлет­сiз әрекетiне жаппай қарсылық бiлдiрiп жатыр. 20 маусым күнi сағат 10-дар шамасында Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентiнде Аудандық әкiм­шiлiк ғимаратының алдында 200-ден аса халық жиналды. Олардың iшiнде зейнеткерлер, мұғалiмдер, дә­рi­герлер, мұнайшылар бар. Жиналған халықтың алдына Маңғыстау ауданының әкiмi Қ.Боқанов барлық орынбасарларын, аудан басшыларын ертiп келдi. Сағат 10-нан аса митингiге қатысқан адамдар сөз сөйледi.
Жармыш ауылының тұрғыны Қибас ақсақал: "Жинал­ған жұрттың басты талабы: Ереуiлге шығып жатқан мұнайшылардың талабын тез арада шешсiн. Қазiргiдей қиын жағдайда ешкiм жұмыс­тан шығарылмасын. Жұмыстан шыққан мұнайшылар қайта орнына қабылдансын. Балаларымыз да, бiз де әбден шаршадық. Мұнайшылардың құқығын қорғап жүрген Н.Соколованың еш­қандай жазығы жоқ. Бар жазығы - мұнайшылардың құқы­ғын қорғағандығы. Оған бостандық берiлсiн. Халықтың шыдамы әбден таусылды. Бiздiң осы талаптарымызды тиiстi орындарға жеткiз" деп әкiмге талап қойды. Ал Шетпе кентiнiң тұрғыны Ғ.Айдарбаева "Менiң iнiм Аслан­бектiң үйiн мұнайшылардың бел­сендiсi болғаны үшiн қасақана өртеп жiбердi. Кiнәлiлер ұсталған жоқ. Өзiн сабаса, үйiн өртесе, қаптаған мына полиция не бiтiрiп жүр. Тапсын қылмыскерлердi!" деді күйініп.  Онды ауылының тұрғыны Т.Озғанов ақсақал: "Мұнайшылардың мәселесiн тез арада ше­шiңдер. Сiздер қалталарыңның қамын осы кезге дейiн ойладыңдар. Ендi халықты да ойлайтын мезгiл жеттi" деп келте қайырды. Тоймекен зейнеткер ауылдағы жұмыссыздық, бағаның қымбатшылығы, кәсiпкерлердi қолдаудағы әдiлетсiздiк жөнiнде сөз қозғады. Бұдан кейiн де бiрнеше адам өз пiкiрлерiн айтты.

Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi, жиынға қатысқан халықтың талаптары төмендегiдей болды: Мұнайшылардың қойып отырған талаптары орындалсын; ереуiл кезiнде ешкiмдi жұмыстан шығармасын; жұмыстан шығарылған мұнайшылар орнына қайта қабылдансын; Н.Соколоваға бостандық берiлсiн; Шетпе кентiндегi жаңадан салынып жатқан цемент зауы­тының экологиялық жағдайы қаралсын; Шетпеге қытай келмесiн, жергiлiктi халық жұмысқа қабылдансын; азық-түлiк бағаларының қымбаттауына жол берiлмесiн; Мұнайшыларды осындай ереуiлге шығуға мәжбүр еткен басшылар заң алдында жауапкершiлiкке тартылсын; мұнайшының үйiн өртеген қыл­мыскерлердi тез арада тапсын, халық алдында әшке­релесiн. Наразылық митин­гiсiнде халықтың қойған талаптары мен сұрақтарына Маңғыстау ауданының әкiмi Қ.Боқанов өз мүмкiндiгiне қарай жауап бердi. Жинал­ған халық қойған талаптарымыз орындалмаса, осылайша жинала беремiз деп ес­керттi.
Иә, жағдай осылайша ушыға берсе Маңғыстау хал­қы жаппай ереуiлге шығатын түрi бар. "Су тасыса, бө­гер­сiң, Халық толқыса, не дер­сiң?" Әттең, Маңғыстаудың жанайқайын билiк мойындамаса да, өзге аймақтағы ағайындарының үн қоспай отырғаны өкiнiштi-ақ!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5505