Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2295 0 пікір 22 Маусым, 2011 сағат 13:26

Оралда мемлекеттік органдар баспасөз қызметтерінің өкілдері бас қосты

ОРАЛ. 22 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Жайық Пресс» ЖШС-ында бүгін өңірдегі мемлекеттік органдар баспасөз қызметтерінің өкілдері бас қосты.

«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин мұндай шараның Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырғандығын айтып, облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттері редакцияларымен қоян-қолтық қызмет атқарып келе жатқан баспасөз қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Шыңғыс Мұқан өңірде бұқаралық ақпарат құралдарына әрдайым көңіл бөлініп отырғанына тоқталып, биыл облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов тұңғыш рет журналистер арасында үздік шыққандарға «Қанатты қалам» сыйлығын белгілегендігін, оның алты аталым бойынша тапсырылатындығын атап өтті.

Басқосуда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Қозыкеш Омаров, облыстық әділет департаментінен Болат Жангереев, облыстық ішкі істер департаментінен Фатихолла Маштақов және басқалар баспасөз қызметінің жұмысын, ақпарат беруді жетілдіру жолдары жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Баспасөз қызметінің өкілдеріне, сондай-ақ облыстық газеттердің үздік журналистеріне алғысхаттар тапсырылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5493