Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2930 0 пікір 23 Маусым, 2011 сағат 06:15

«Ойтөбе» ашылды!

Интернетте қазақтілді ақпаратқа сұраныс артқан сайын, сапалы қазақша контент (мазмұн) пен тиімді сервистер ұсынатын сайттар көбейіп келеді. Бұл қазақстандық интернет қолданушылардың қатарының ғана көбейгенімен емес, сол интернетті тұтынушылардың арасында қазақ тіліндегі қажетті ақпаратқа деген сұраныстың да көбейгенін көрсетсе керек.

Қазіргі қазақша сапалы мазмұн мен тиімді сервистер ұсынатын сайттардың қазақтілді ақпарат пен сегментке бет бұра бастағанының себебін көз алдымыздағы болашақтың перспективасымен түсіндірсек, қателеспеспіз.

Жыл сайын мектепті қазақша бітірушілердің үлесі 70 пайызға жеткендігін және ЖОО-ларда оқитын студенттердің 60 пайыздан астамы қазақ бөлімдерінде  білім алатындығын да атап өткен жөн сияқты. Себебі, базалық білімі қазақ тіліндегі студенттер мен оқушылар өзіне қажетті ақпаратты өзінің ана тілінде іздеуге талпынатындығын да ұмытпаған дұрыс. Бұл болашақтағы қазақтілді интернет нарықтың ахуалы мен ондағы аудиториялық қызығушылықты қазіргі күннен қай бағытта жылжып бара жатқанын көрсетеді.

Жаңадан ашылған «Ойтөбе» блог-тұғырын сапалы сервис ұсынатын және блог ашып, оны еркін басқаруға мүмкіндік беретін, қазақ тілді блогерлердің ұйымдасуы мен бір алаңда пікір алмасуына жағдай жасауды мақсаты етіп отырған ресурс ретінде атауға болатын шығар.

«Ойтөбе» өзінің бағытталған аудиториясы ретінде журналистика мен медиа саласындағы, сондай-ақ журналистиканың интернеттегі жаңа келбетіне бей-жай қарай алмайтын адамдарды көргісі келетінін сайттың концептінен байқауға болады. Онлайн режимінде жаңарып тұратын жаңалықтар лентасы мен оларды бағалауға, күннің басты жаңалығын сол арқылы анықтап отырып, ол туралы пікір-талас ұйымдастыруға бағытталған мүмкіндіктері де өз ойын бүкпей, еркін, ашық айтқысы келетін адамның көңілінен шығатын сияқты.

Сайттың «Жоба туралы» бөлімінде блог-тұғырды қысқаша былай сипаттаған екен:

«Ойтөбе» - әлеуметтікке бағытталған блог-тұғыр.

«Ойтөбе-news» бөлімінде күнделікті жаңарып отыратын жаңалықтарды бағалауға, оларды талқылауға да, тіпті әлеуметтік сайттарда достарыңызбен бөлісуге де болады.

«Ойтөбе»  - онлайн life-style журнал. Бұл бөлімде біздің блог-тұғырда жарияланған жазбалардың үздіктері мен ерекше назарға ілінгендері шығып тұратын болады. Бұл бөлімнің ерекше перспективасын әлі қарастырып жатырмыз.

«Бүгін төбеде» - бұл танымал блогерлерді одан да танымал ететін промо-бөлім. Бір күнде ерекше талқыланып, назарға іліккен жазба мен оның авторы марапатқа ие болатын болады.

«Ойтөбе» блог-тұғыры негізгі екі ірі бөлімнен тұрады. «Төбе» - жеке блогтар және «Мінбер» - қауымдастықтар.  «Төбе» - әр тіркелген блогердің жеке блогында жарияланатын жазбалары. Бұл бөлімдегі жазбаларды тек блогқа жазылған достары ғана оқи алады. Ал «Мінберде» жарияланған жазбалар қауымдастыққа мүше әр блогер оқи алатын ортақ жазбалардан тұрады.

«Ойтөбе» ұсынып отырған сервистер интернет саласындағы айтарлықтай жаңалық болмаса да, өзіне сай артықшылықтары мен мүмкіндіктері бар және өз аудиториясын өзіндік ерекшелігімен жаулап алуға тырысып отырғандығын атап өту керек шығар. Интернеттегі қазақша ақпараттар дефициті оларды іздейтін аудиторияға қатынасы миллион есе аз болып тұрған бүгінгі сұраныс кезінде, түрлі сапалы контент (мазмұн) ұсынатын сервистің ашылғанына тек қуану керек шығар.

Ендеше, блог бастайық!

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496