Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4305 0 пікір 23 Маусым, 2011 сағат 07:28

Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ: Адам қуатты дәмнің көмегімен де ауруын жеңе алады

Дәрігер пайда әкелмесе де, зиянын келтірмеуі тиіс. Көне грек ой­шылы Гиппократтың нақылын бүгін кез келген емхананың маң­дайшасына іліп қоюға болады. Дәрігерлік этика, кадр әзірлеу мен медицина саласындағы бәсекелестік жайында «Айқын» газеті сау­алдарына «Жасай» Шығыс-тибет медициналық орталығының ди­ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зе­кейұлы жауап береді.

- Ешқандай арнаулы білімі бол­маса да, науқасты дертінен айық­тырған емшілер болған. Ал ме­дициналық білімі бола тұра сыр­қатқа қол ұшын бере ал­май­тын мамандар бар. Сонда дәрігер де­ген кім? Барлық жоғары бі­лім­ді медицина қызметкерлерін дә­рігер қатарына жатқыза ала­мыз ба?
- Әлемде дәрігер дәрежесі тек үш-төрт ғасыр бұрын ғана бе­ріле бастады. Медицина бойын­ша жоғары білімін толық алып, оны тоқып, үш жыл бойы ба­қылау кезеңінен өткен ма­ман­ға ғана дәрігер құжаты беріледі. Ал табиғи бірер қасиетін бұлдап, су бүркіп, ем-дом жа­сай­тын­дар­ды түгелдей дәрігер дей ал­май­мыз. Адамдардың сүйегі шыққан же­рін орнына келтіретіндерді ха­лық арасында «оташы» десе, ха­лық емін пайдаланып, ел-жұрт, ауыл көлемінде науқас­тар­ды емдейтін жандарды «емші­лер» деп атайды. Қытайда ауыл ішін­де елге көмек көрсететін «жа­лаңаяқ дәрігерлер» дейтіндер бол­ған. Ал олардың бәрін бір ұғы­мға тоғытып, «дәрігер» деп атау­ға келмейді.

Дәрігер пайда әкелмесе де, зиянын келтірмеуі тиіс. Көне грек ой­шылы Гиппократтың нақылын бүгін кез келген емхананың маң­дайшасына іліп қоюға болады. Дәрігерлік этика, кадр әзірлеу мен медицина саласындағы бәсекелестік жайында «Айқын» газеті сау­алдарына «Жасай» Шығыс-тибет медициналық орталығының ди­ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зе­кейұлы жауап береді.

- Ешқандай арнаулы білімі бол­маса да, науқасты дертінен айық­тырған емшілер болған. Ал ме­дициналық білімі бола тұра сыр­қатқа қол ұшын бере ал­май­тын мамандар бар. Сонда дәрігер де­ген кім? Барлық жоғары бі­лім­ді медицина қызметкерлерін дә­рігер қатарына жатқыза ала­мыз ба?
- Әлемде дәрігер дәрежесі тек үш-төрт ғасыр бұрын ғана бе­ріле бастады. Медицина бойын­ша жоғары білімін толық алып, оны тоқып, үш жыл бойы ба­қылау кезеңінен өткен ма­ман­ға ғана дәрігер құжаты беріледі. Ал табиғи бірер қасиетін бұлдап, су бүркіп, ем-дом жа­сай­тын­дар­ды түгелдей дәрігер дей ал­май­мыз. Адамдардың сүйегі шыққан же­рін орнына келтіретіндерді ха­лық арасында «оташы» десе, ха­лық емін пайдаланып, ел-жұрт, ауыл көлемінде науқас­тар­ды емдейтін жандарды «емші­лер» деп атайды. Қытайда ауыл ішін­де елге көмек көрсететін «жа­лаңаяқ дәрігерлер» дейтіндер бол­ған. Ал олардың бәрін бір ұғы­мға тоғытып, «дәрігер» деп атау­ға келмейді.
- Бес жыл білім алып, арнау­­лы тәжірибеден өтсе де, алдына кел­ген науқаспен дұрыс сөй­лес­пей, оның бетіне де қарамастан, дә­рі жазып, құтыла салатын «ақ халаттылар» көп қой?! Оларды да дәрігер деп атаймыз ба?
- Ондай адамдарды халық дә­рі­гер ретінде мойындамайды. Олар кәсібінің рахатын көріп, өз са­­ласында биік дәрежеге жете ал­майды. Дәрігерлер үшін өмір­лік әрі кәсіби білім жинақтайтын орын ауыл деп санаймын. Мә­се­лен, «100 мектеп, 100 аурухана» бағ­­дарламасы бойынша салынған ем­ханаларда жұмыс істейтін ма­ман­дарымыз жеткілікті ме? Егер ме­дицина университетін жаңа тә­мам­даған жастарды ауылға жі­бе­ріп отырса, олар халықтың ішінде өсіп, ысылып шығар еді. Аурудың бар азабын науқаспен бірге тар­та­ды. Ал бірнеше жылдан кейін қа­ла­ға келгенде ол сырқат жан­дар­мен мүлдем басқаша сөйлесетін бо­лады.
«Бір қарын майды бір құмалақ ші­рі­теді». Басын қағаздан алмай, сот­тың төрешісі сияқты отыратын дә­рігерлерден тазаратын уақыт кел­ді. Мысалы, біздің орталыққа жұ­мысқа жаңадан келген дәрігер үш ай сынақтан өтеді. Осы уақыт ара­лығында науқастардан арыз- шағым көбейіп, ол аурулардың жағ­дайын шеше алмаса, онда оны қызметтен босатамыз. Көптеген ел­дер медицина саласында ха­лық­тың өзін-өзі бақылау тә­сіл­де­рін қолданады. Мәселен, әр ау­ру­ха­­нада көзге көрінетін жерде кіш­кентай сандықша тұрады. Со­ғ­ан әрбір науқас өзіне қызмет көр­­сеткен дәрігерге қатысты арыз-шағымын қалдыра алады. Бір аптаның ішінде хаттар жина­лып, оларды бөлім меңгерушілері бас дәрігердің алдына әкеледі. Бас дәрігер арыздарға қарап, бел­гі­лі бір шаралар қолданады. Ба­қы­лау болмаған жерде сапа да, дә­рігердің абыройы да бол­май­ды.
- Жақсы дәрігер жоғары оқу ор­нында әзірленеді. Бәлкім, дәрі­гер­лерді оқыту ісінде қалыс қал­ған мәселелер бар шығар?
- Мен осында медицина ун­и­вер­си­тетінің аспирантурасында оқы­дым. Сонда байқағаным: кей­де негізсіз, көп сұранысқа ие емес пән­дерді оқытып жатады. Ондай ма­мандықтарға оқуға түсу де же­ңіл. Ал қажетті мамандықтарды, мә­селен, балалар сырқаттары кө­бейіп кеткеніне қарамастан, пе­ди­а­трияны қысқарттық. Қытайда ке­рісінше, балалар дәрігерлерін әзір­лейтін университет ашуда. Жа­қында бір журналистер: «Егіл­ген­нен зиян шегетін сәбилер бола ма?» деп сұрады. Осында келетін ба­ла­лардың 30-40 пайызы егілуден кейін түседі. Өйткені өте әлсіз, ба­сының қан қысымы бар ба­ла­ның ата-анасына учаскелік дә­рі­гер келіп: «Мынау заң! Мен есеп бе­руім керек. Жатқыз баланы!» деп егіп кетеді. Вакцина - мик­роб­тың қайнар көзі. Оны қа­был­да­ған бала сол аурумен қайта ауы­рып, оны жұқтырмайтындай бо­лады. Ал вакцинаны өзі әлсіреп тұр­ған балаға құйған кезде сап-сау туған сәбидің миына оттегі же­тіс­пей, жағдайы одан сайын ушы­ғып, аяқ-қолы тартылып, сал ау­руына ұшырайды. Егілуден кейін осындай ауруға шалдыққан ба­лалар осында келіп, дерттеріне дауа табуда. Қытайда баланың жағ­дайына қарап, егуді ке­шеуіл-де­тіп, бірнеше айдан кейін салуы мүм­кін. Тұмауратып, баспамен (ан­гина) ауырып тұрған балалар егіл­мейді. Бізде баланың ата-ана­сы да дәрігердің айтқанына көніп, нау­қас сәбиін шырылдатып дәрі­гер­дің алдына тастай салады. Осын­дай жағдайларда дәрігердің ең басты қасиеттері - имандылығы мен адамгершілігі маңызды. Дәрігер баланың әлсіз екенін кө­ріп, оған алдымен дәрі жазып бе­ріп, оны сорпалатып, күнге шы­ға­рып, қуаттандырып алып, одан кейін егу керектігін ойлауы керек. Дә­рі­гердің салғырттығын біз ке­шір­сек те, Алла кешірмейді. Дә­рі­гер - Алладан кейінгі тағдырды ше­шетін адам. Сондықтан дә­рі­гер мамандарды дайындау мәселе­ле­рімен айналысатын үлкен зерт­теу мектебін ашу керек деп ой­лай­мын.
- Ал еліміздің медицина сала­сын дамытуда қандай сала назар­дан тысқары қалып отыр?
- Біз кеңестік жүйенің шыр­мауы­нан әлі толық шықпай, ноқ­та­сын ала алмай отырмыз. Осы са­ланы басқарып отырғандар - ке­ңес дәуірінде тәрбиеленіп, оқы­ған­дар. Медицина жан-жақты да­­мысын десек, оның барлық са­ла­­сын, оның ішінде Шығыс ме­ди­­цинасын да көтеріп, бәріне бә­се­­келестік жағдай тудыру керек. Мә­селен, Денсаулық сақтау ми­нис­трлігіне шығыс медицинасы кол­леджі, академиясын ашу тура­лы ұсыныс жасадық. Олардан: «Шы­ғыс медицинасы мемлекеттік заң­намада көрсетілмей, оқыту жүйе­сіне енгізілмесе, оны қайтіп қол­даймыз?!» деген сарында жау­ап алдық.
- Ал ел ішінде Шығыс ме­ди­ци­насы мамандарына деген сұ­ра­ныс бар ма?
- Шығыс медицинасы ресми мойын­далмаса да, қазақстан­дық­тар­дың 30 пайызы қазір Қытайда ем­делуде. Сол жақтағы емхана­лар­дың алдына барып көріңізші, қанша қазақстандықты кездесті­рер екенсіз. Бұл не деген сөз? Қазақ­с­танның қаржысы сыртқа ағы­лып жатыр. Онда неге сол ма­ман­дарды осында оқытып, Еуропа ме­дицинасымен қатар шығыс ем­деу тәсілдерін жетілдіріп, зертте­мей­міз?! Мемлекет халықтың қай ме­дицина саласында көбірек ем­де­ліп, сауығып жатқанын тара­зы­лап, сол жағына басым қолдау көр­сетуі керек. Әйтпесе, тибет ме­дицинасын мықты меңгерген ма­мандардың көпшілігі мұнда іс­тей алмайды. Білімі жетсе де, қай­рат-күші сарқылып, қаймығып, бе­ті қайтып, қайта еліне көшіп ке­теді.
- Ондай мамандар бар ма?
- Қытайдан өз қандаста­ры­мыз­дың арасынан 270 ғалым дә­рі­гер келген. Олардың жетпісі қай­та сол жаққа кетіп қалды. Қалғаны - «барахолкада» жүр. Се­бебі олар­ға жұмыс орны жоқ. Ем­­ха­на­лар­ға барса, қытай дип­ло­мын қа­жет етпейді. Астанаға ат­тес­­та­ция­дан өтуге бір жылға жі­бе­ре­ді. Ал шет­тен келген адам жұ­мыссыз, қа­ра­жатсыз осынша уа­қыт шыдап тұра ала ма?
Шығыс-тибет медицина­сы - қа­зақ­тың дәстүрлі медицина­сы­ның жалғасы. Ата-бабалары­мыз­дың Отырар күйреп қалған кездегі та­рихи кітаптары, қолжазбалары Қы­тайдан табылып жатыр. Мыса­лы, Әбу Сина, Әл-Фарабидің ме­ди­­циналық еңбектерінің орны ора­­­сан зор. Сол кездің өзінде со­қы­р­ішекке, баспаға ота жа­сал­­ған. Ата-бабамыз қолымызға тап­­сырып кеткен ғылым мен білім «тіс­­­тегеннің аузында, ұстағанның қо­­­лында» кетті. Енді бұрынғыны қай­­­та жаңғыртып, осы жүйеде іс­теп жатқан қазақ тұлғаларын жұ­мыл­­дырып, қайтадан қазақ ме­ди­ци­насын зерттеп, оған жаңаша сер­піліс беретін уақыт келмеді ме?! Иә, келді.
Жақында Қытай басылым­да­ры­ның бірінен осы елдегі денсау­лық саласындағы қаржылық кірі­сі­­нің 60 пайызы Шығыс-тибет, Қы­тай халықтық медицинасынан тү­се­тіндігін оқыдым. Қытайдағы ең әдемі әрі адам ең көп баратын ғи­мараттар - Шығы-тибет ме­ди­ци­­насының мекемелері. Бұл ем­ха­наларда шала емшілер емес, ғы­лыми жұмыстарын осы салада қор­ғаған ғалымдар отыр. Солар елді сауықтыруға үлес қосып, мем­лекеттің қазынасын тол­ты­ра­ды. Ал бізде оларды шығартпай, арам шөп сияқты көріп, қырқып тас­тайды.
Қазақ өз медицинасын да­мыт­­қан кезде ғана осы салада әлем­ге та­нылып, абыройы ар­та­ды. Ел­басы дүниежүзіндегі ең да­мыған, бә­секеге қабілетті ел­дер­дің қа­та­ры­на қосылу міндетін қойды. Онда «әр саланың әлем­де­гі ең озық үлгілерін алып, со­лар­ды өз же­рімізде пайдалану ке­рек емес пе?!» дейді.
- Жақында АҚШ-та болып қайт­тыңыз. Бұл елде Шығыс ме­ди­цинасына деген көзқарас қан­дай екен?
- Біздің бағдарламамыз бұл та­қырыпқа арналмаған. Бірақ он­дағы қытай ауданында орна­лас­қан үлкен Шығыс медицина ор­талығын көрдім. Бұл емхана басқа медициналық орталық­тар­мен қатар жұмыс істеуде. Бос­тонда 22 мың адам жұмыс істей­тін, 8 мың палаталы ем­ха­на­да болып қайттық. Сонда бір таңғалғаным: емделушілер үл­кен иттерімен күзетшінің қасы­нан жайбарақат өтіп, емханаға емін-еркін кіре береді. Енді біреу мы­­сығымен жүр. Сонда олардан: «Үй хайуандарын да кіргізе бере­сіз­дер ме?» деп сұрадым. Ем­ха­на­ның қызметкерлері кейбір нау­қастар үй жануарларын көр­се, қан қысымдары төмендеп, жай­барақат күйге түсіп, опера­ция­­лары жеңіл өтетіндігін айтты. Сол үшін науқас алдын ала өті­ніш жазып, итін алдырады екен. Ем­хананың айналасындағы се­р­у­ен­­дейтін бақ, балалар ойнай­тын арнайы алаңқайды тама­ша­ла­дық. Тағы бір қызығы: 22 мың ада­мның 7 мыңы ғана дәрігер бол­са, қалғандары - қызмет көр­сету саласындағы басқа ма­ман­дық иелері. Яғни аурухана­да­­ғы науқастар емделіп қана қой­май, олардың өздерін қолай­лы сезініп, тезірек сауығып кетуі үшін барлық жағдай жасалынып қой­ған.
- Сіз алдыңғы сұхбатыңызда Жапо­нияда науқастарға жапон ер­те­гілері айтылып, олар жапон ән-күйлерімен емделетінін баян­дап едіңіз. АҚШ емханаларында жер­гілікті халықтың үй жануар­ла­ры­на деген сүйіспеншілігі сияқты ерек­шелігі ескеріледі екен..
- Оныңыз рас. Жапонияда па­ла­тада жатқан науқастардың жа­пон­дық үлгідегі киімдерін киюі­не, сакура гүлін тамашалап, жа­понша ән-күйлер тыңдауына да жағдай жасалынғанын көрген­біз.
- Қазақ медицинасында қан­дай ұлттық өзгешеліктерді пай­да­ла­нуға болады?
- Израильде, кейбір еу­ро­па­лық елдерде жүрек, қан та­мы­р­ла­ры ау­рулары институтарында, ме­­­ди­­­ци­налық орталықтарында өз­­­­де­рі­нің таза қызыл шараптарын құ­­­ты­ға құйып, әзірлеп қояды. Со­ны нау­қастың салмағына қарай, оның қанын көбейту үшін 100-200 грамнан беріп отырады. Гер­ма­нияда шұбатты өкпесі ауырған, әлсіз, антибиотик көп қолданған адам­дарға қуаттандырушы дә­ру­мен ретінде жазады. Қымыз да со­лай пайдаланылады. Бауыры ау­ыр­­ған адамдарға арнап ешкінің қатығын Италияның зауыттары шығарып жатыр. Оның 150 грамы 600 теңге тұрады. Бұл тағам ба­ла­лар­дың әлсіздігіне де өте пайдалы. Жапония дәрі­ханала­рын­да жыл­қы етінің жүз грамы қым­бат тұ­рады.
Біз ше? Бос жатқан фермаларда бес жүз ешкіні бағып, сол қатықты не­ге өзіміз жасамаймыз? Жылқы мен түйе өсіріп, қымыз бен шұ­бат­ты дәріханалар мен ем­ха­на­лар­ға неге бермеске? Мен осында ке­­летін науқастарға жылқының қай­­натпа сорпасы, жылқының сау­малы, ешкінің сүті мен сиыр­дың сүті қандай нәрсеге керек екен­­дігін айтып, ауруына қарай қо­­сымша жазып беремін. Мәсе­лен, бұрын аталарымыз жөтелді басу үшін ешкінің сүтін қайнатып, оған бал немесе құйрық май қо­сып берген.
Қазір емханаларда ботқа мен борщ, бір тілім мыжылған ет бе­ре­ді. Оған сау адамның да ден­сау­лы­ғы шыдамайды. Жетпіс жыл бұрынғы «қалпақ» әлі шешілмеген тәрізді. Одан да ауруханаларда шұбат пен қымызды, жылқының етін беріп, қазақтың күйлерін ой­на­тып, палаталар әдемі тор­сықтар мен ұлттық өрнек­терімізбен бе­зен­дірілсе, керемет емес пе?! Адам қуат­ты дәмнің көмегімен де ау­руын жеңе алады Бұл бір жағынан ем­дік туризм саласын дамытып, ше­телдіктердің осында көптеп келуіне жол ашады. Егер ұлттық та­ғамдар мәселесін шешсек, қа­зақ­­тарға да жұмыс орны көбейеді. Шұбат пен қымызды қазақ ша­р­уа­сы әкелсе, бауырсақты қазақ әйе­лі жасамай ма?! Ет, құрт, ірім­шік тек қазақ ауылдарынан алы­на­д­ы. Ешкіні де қазақтар жақсы ба­ға­ды. Қытайдың қызанақ пен қиярын, Ресейдің колбасасын же­ген­ше өзіміздің ұлттық тағам­да­ры­мызды пайдаланайық. Сол ар­қылы азық-түлік жағынан басқа елдерге жалынышты бол­май­мыз, халықтың денсау­лығы да түзеледі. Ал қазір балаларымыз ба­зарда арба итеріп, әжелеріміз кө­шеде қайыр сұрап жүр. На­мы­сы­мыз қайда? Қайда кетіп ба­ра­мыз?
- Ұлттың келешегі ұрпақтың денсаулығына байланысты ғой. Дені сау ұлт болудың тетігі неде?
- Денсаулықты нығайтудың ең басты жолы - елімізде әр отбасы тыныш өмір сүретіндей жағдай жасау. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсармай, медицина да, қазақтың басқа ұлттар алдындағы абыройы да көтерілмейді.
Ол үшін барлық жерлерде дүкен салудың орнына, өндірісті өркендетіп, халықты жұмыспен қамту ісіне көп көңіл бөлген жөн. Мысалы, дағдарыс кезінде жол бағдарламасы қабылданып, қан­шама адам жұмыспен қам­тыл­ды?! Қандай жақсы! Ақшаны сыр­тқа шығармай, өз өнім­де­рі­міз­ді шығарып, салықты осында тө­лейік. Әйтпесе, су бетінде қал­қы­ған жапырақ тәрізді әр иірім өзі­не әкете береді. Денсаулық сақ­тау бойынша мемлекеттік бағ­дарламалар «ауырмай тұрып ем­делуге» бағытталуы тиіс. Қо­ғам­да көбейіп кеткен ауру түр­ле­рін (мысалы, балалардың сал ау­руы) емдеп қана қоймай, олар­дың таралу себебін анықтап, зерт­теп, оған қарсы шаралар дер ке­зінде қабылданғаны жөн. Ұлт­тық тағамдарды медицинаға ен­гізу дәстүрін қалыптастыратын уа­қыт та келді.
- Өткен дәрігерлер мере­ке­сін­де айтылған қандай арман-ті­ле­­гіңіз болды?
- Дәрігерлер қызметі ақпарат жүй­есі арқылы дәріптеліп, ме­ди­цина ғалымдары, қызмет­кер­ле­рі қоғамға көбірек танысты­ры­лып, тарихта болған қазақ дәрі­герлерінің еңбектері, зерт­теу­лері жинақталып, қайта шы­ға­рылып, насихатталса деп ар­ман­­даймын. Дәрігерлердің ең­­бе­гі туралы жиі айтылса, олар­ға деген халықтың құрметі де ар­тып, дәрігерлер де халыққа екі еселеп тер төгеді. Ресейде «Ден­саулық» телеарнасы, Қы­тай­да үш денсаулық те­ле­ар­на­сы көр­­сетіледі. Себебі ақпарат ар­­қы­­лы миллиондаған адам ден­сау­­­­лығын түзей алады. Қазақ: «Ең басты байлық - денсаулық» де­ген. Дамыған елдерде ауру адам­­ды мәдениетсіз деп санайды. Қа­зақ мәдениетсіз болмауы тиіс. Бо­лашақта Қазақстан халқы мә­де­­ниеті дамыған елдердің са­наты­н­­да болатынына кәміл се­не­мін. ­

Сұхбаттасқан
Айжан Көшкенова

www.aikyn.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475